Connect with us

Бәрі туралы

google aikyn 1200 3

Өлең

Жоңғар қақпасы

Жоңғар қақпасы

Жоңғар қақпасы

Әнеки, Жоңғар қақпасы,
Тіреген қос тау қос қолдап.
Таулардың талай алқасы
Қарайды көкке аспандап.
Барлықтың тауы, Тоқта тау,
(Бекер ат жерге қойған ба?)
Барлық көл келіп тоқтады-ау,
Барлық ел тоқтап байламға.
Немесе жаудың бар күші
Тоқтаған шығар тоқырап.
Тоқтатқан халық қарғысы,
Немесе кие топырақ.
Немесе намыс, не қайрат,
Немесе аққан қанды жас.
Қақпаға қарай атойлап,
Қиылып талай қалды бас.
Әйтеуір, қақпа аузында
Төгілгені рас қызыл қан.
Аққан да шығар қан-жылға,
Қақпа да, мүмкін, бұзылған.
Бұзылып қақпа бекінген,
Мүжіліп тастар, жетілген.
Шекарадағы тіршілік –
Қыл суырғандай өтіңнен.
Халықтың жаны ұшында
Болған бұл қақпа жан алқым.
Заманның бейбіт тұсында
Ұмытпау керек соны әркім.

Дереккөзі

To Top