Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Махаббат, қандай күйге салдың мені

Махаббат

Махаббат, қандай күйге салдың мені

Махаббат!
Қандай күйге салдың мені?!
Құндағыңа алдың да əлдиледің,
Нəрестедей аймалап, сүйіп-құшып,
Сосын мен кеттім алыс биікке ұшып.
Мың жүрекке тіл қатып көздеріммен,
Сенен өзге дүниені сезбедім мен,
Сезбедім мен бақытты кездерімде…
Бойыма жан ыстығын қуат қылдым,
Құшағыма ап мен сені,
О, махаббат!
Қуаныштан егіліп жылап тұрдым.
Сонда мен ессіз ғашық екенімді,
Дариға-ай, бірақ білдім.
Махаббат!
Қандай күйге салдың мені?!
Баянды боп тұрмады шырақ сезім,
Өзен кеуіп, суалды бұлақ көзі.
Кеудемді асау қайғы ұрғылады,
Сонда мен тұңғыш сездім шын жылауды.
Көкірегімде көлкілдеп нала жатты,
Шыр айналып аспаным бара жатты…
Махаббат!
Қандай күйге салдың мені?!
Ес жидым,
Сосын менің бар білгенім –
Мəңгілік қасіретім боп қалдың менің…

Дереккөзі

Tags: 5 минуттық махаббатАбайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындарақыл мен махаббаталғашқы махаббатАна махаббатыБала махаббатМұрат Шаймаран махаббат қандай күйге салдың мені Мұрат Шаймаран өлеңдері

Related Posts

Өлең

Боламын жігіт сұлтаны

Өлең

Қазақстан – байтағым!

Өлең

Шырша тойы

Өлең

Өнер жарысы

Өлең

Түлектер жыры

Өлең

Мен туған жер

Өлең

Көкжиекке сіңген жол

Өлең

Бір өмір…

Өлең

Қараша. Қамығу…

Өлең

Бүгін

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021