Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Өлең

Сезіктің көзімен қарасақ

Сезіктің көзімен қарасақ

Сезіктің көзімен қарасақ…
Келе жатырмын. Бәлкім, сенен кетіп қалған шығармын болашақ.
Сонша саған неге асықпын,
неге ғашықпын? Білмедім.
Білермін, жүзімді сағыныш даусымен жуғанда.
Жұлдызым оңымнан туғанда;
білермін, әділет көздерде күлгенде,
мейірім көктеген үндерде махаббат қанатын қаққанда;
білермін, өртенген қызғаныш күл болып өзендей аққанда,
ол өзен кәусарға айналған кештерде;
қиянат тапталып, көміліп,
көмілген төбеге аппақ гүл өскенде – білермін.
Сен неткен көркемсің!
Сен неткен сұлусың, сүйкімді.
Сен жайлы ойласам маңайым ән шалқып,
кірпікке мөлдіреп күй тұнды.
Мен сені сағындым, мұңдасым аяулы құрдасым – Болашақ!

Дереккөзі

To Top