Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Граматика және оның салалары.

Адам өзара сөйлескенде және лексикалық сөзарқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрінде тек грамматикалық амал-тәсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады.Ендеше, грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса қабат қолданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.

Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады; сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.

Грамматика ғылымы. Тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін обьектісін негізгі өзек етіп, сөзді және сөйлемді алады. Тексеру обьектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойыншаәртүрлі қарым-қатынасқа түседі де, әлденеше қилы өзгеріске ұшырап, әралуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы граммаикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады. әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.

Синтаксис – сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдыс бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері өз заңдары болады. (ол туралы “синтаксис” оқу бөлімін қараңыз)

Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналар мен қызметтерін талдаса, синтаксис сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін я жеке сөздерді, олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды.

Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып жіктелгенімен де, олар бір-бірімен іштей тығыз байланысты, тіпті екеуі бір бүтіннің екі бұтағы сияқты. Мыс: Қызы едім Есімбектің, атым Шұға; Басталды бұл өлкеге атым шыға. Деген сөйлемдердегі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздерді, әрине, морфология өз тұрғысынан, синтаксис өз тұрғысынан талдайды. Ал ондай талдау үстінде іс жүзінде морфология синтаксистің ішіне еінп кетсе, керісінше, синтаксис морфологияның да ішіне еніп кетеді. Демек, ол екеуі бір-біріне жәрдемдесіп, өзара себелесіп отырады.

Морфология сөзді оқшау қарамайды, оны басқа сөздермен байланысты қарап барып, олардың қарым-қатынастарын анықтайды. Өйткені сөзден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру сияқты амал-тәсілдер – әрі әбден қалыптасып орныққан, әрі үнемі қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыстар.

Морфология сөздің формасын тексереді. Ал сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбіріде, сөздің туынды, біріккен, қосарланған әрқилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021