Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Пысықтауыштың сөйлемдегі қызметі

пысықтауыштың сөйлемдегі қызметінен мәлімет беру.

  1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыш. Ол анықтауыш сияқты, басқа сөздің әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің – зат есімдердің субстантивтенген басқа есімдердің – әр алуан сапасын меншіктілік – пәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш негізінде заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды.
  2. Сондықтан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып, етістіктен болған мүшені “анықтаса” оларды пысықтауыш деп атаймыз. Мысалы: Найзадай шоқылар дегенде, найзадай – анықтауыш, (бірдеңе) найзадай қадалды дегенде – пысықтауыш. Сол сияқты, ол – жақсы оқушы дегенде, жақсы оқушы дегенде жақсы – анықтауыш, ол – жақсы оқыды дегенде, жақсы – пысықтауыш. Үйге үш кісі кірді дегенде, үш – пысықтауыш.

Бұл сөйлемдерде найзадай, жақсы, үш анықтауыш қызметінде де пысықтауыш қызметінде де өздері қатысты сөздермен қабыса байланысқан, екеуінде де лексикалық материалы мен тұлғалары бірдей. Дегенмен олардың айырмашылығы бірде зат есімдерге, бірде етістіктерге қатыста болуында ғана емес, сол арқылы грамматикалық мағыналардың да өзгеше болуында. Бұл ерекшелікті оларға қойылатын сұрақтарға қарап байқауға болады: Найзадай (қандай шоқы?), найзадай қадалды (қалай қадалды?).

Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер. Пысықтауыштар мағыналарына қарай: мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, амал пысықтауыш болып бөлінеді.

 

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021