Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Стилистикалық норманың тарихилығы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге стилистикалық норма тарихы туралы мәлімет беру.

Тіл нормасы деп адамдардың бір – ьірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз. Тіл нормасы тарихи құбылыс болғандықтан, оның даму кезеңдері де болады.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті бір – бірімен тарихи даму үсітінде қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиетінің қалыптасуына ықпал жасайтын Орат Азия халықтарының әдебиетінің дамуынан байқауға болады. Атап айтқанда, қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тенденциясы әсер еткендігін ғалымдар айтып келеді.

Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмеріге бейімділігі соншалықты ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары, орыс армиясының офицері Шоқан Уалихановтың (1835-1865), қазақ мектебінің бірінші оқулығы менхрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжірибесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы абай Құнанбаевтың (1845-1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей- ақ сол табиғи қалпында енеді.

Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға таналуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар – Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қоырының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығармалары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.

Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығама тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл – сөйлеу де және жазуда пайдаланып нормаланғантілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің «қалыптылығы» басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021