Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Стилистиканың зертеу әдістері

Сабақтың мақсаты: студенттерге стилистиканың зерттеу әдістері туралы түсінік беру.

Ғылымның қай саласы болмасын, оның белгілі бір нысаны болады. Стилистиканың негізгі нысаны басқа ғылым салаларындай емес. Фонетикалық нысаны – дыбыстарды, лексикологияның нысаны – сөздерді, морфологияның нысаны – морфемдерді, синтаксистің нысаны – сөз тіркестері мен сөйлемдерді, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ стилистика тілдік тұлға – бірліктердің, жоғарыдағы ғылым салаларындай, құрылысы мен мағыналары ғана емес, белгілі бір қолданыс саласының мақсат – міндеттеріне сай қызмет ету жағдайларын зерттейді. Ал стилистиканың тіл ғылымының басқа салаларындай тек өзіне тән тұлға – бірліктері (единицалары) жоқ.

Стилистиканың мақсаты: студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлумат беріп оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңтерін стильдік қырларын ажырата білуді үйрету. Стилистикалық талдау және оның нақтылы әдіс тәсілдері: сөдіктер мен анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық экспериментер жасау және жалпы тілдік әдістерді пайдалану. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету жолында төмендегідей міндетерді атқару қажет болады: студенттердің сөйлеудің әр түрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік байлығын, әр түрлі құралдарын іс жүзінде қолдана білу дағдыларын дамытып жетілдіру, болашақ тіл мұғалімдерін оқушылардың стилистикалық дағдыларын қалыптастыруға баулып дайындау, студенттердің тілдік талғкамын, сөйлеу мәдениетін арттыру. Аталған міндеттерді іске асырған жағдайда ғана стилистика пәннің алдында тұрған мақсат іске асады. Тіл білімінде ерекше құбылыс болып табылатын салыстырмалы тарихи әдістің стилистиканы зерттеуде де ерекше мәні бар. Басқа пәндерге қарағанда стилистиканың зерттеу әдістерінде өзіндік ерекшеліктері бар екендігі ғылыми әдебиетімізде жазылып та, айтылып та жүр.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021