Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары

сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формаларынан мәлімет беру.

  1. Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқаруы үшін өз ара байланысуы керек. Мысалы, мен, жазба, өлең, ермек дегендер-бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін … (Абай) дегендей синтаксистік жағынан өз ара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен жіктік жалғауы арқылы байланысып, бір тіркес болса, өлеңді деген сөз табыс жалғауы арқылы жазбаймын сөзімен байланысып, екінші сөз тіркесі болады, ермек үшін деген сөздер жазбаймын деген сөзбен байланысып, үшінші тіркес жасалады.

Сөздер, осылай, өз ара тіркесіп барып тұтас сөйлем болғанда, олар әр алуан синтаксистік тәсілдер арқылы байланысады. Сөз бен сөз байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдер мыналар: 1. Жалғаулар (септік, көптік, жіктік, тәуелдік). Мысалы: Жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. Шылаулар (демеулік, жалғаулық). Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан. 3. Сөздердің орын тәртібі: биік тау, темір күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз тек қатар тұру арқылы байланысқан. 4. Интонация. Бұл-кітап. Жақып-мұғалім. Интонация арқылы байланысқан

  1. Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.
  2. Сөздердің өз ара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан, синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.

Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар: 1) Қиысу; 2)Матасу; 3)Меңгеру; 4)Қабысу; 5)Жанасу.

Қиысу – Мен көрдім.

Матасу – Ағаштың бұтағы.

Меңгеру – терезені ашты, қалтасынан алды.

Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Алтын сағат, ағаш ат

Жанасу – Жапалақтап қар жауды. Бүгін келді.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021