Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

: Сөзжасамдық талдау.

  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері,жалпы тілде сөздің жасалу механизмін анықтау сөзжсамадық талдаудан басталады. Мысалы: малшы, етікші, өлеңші сияқты түбірлердің туынды екнін дәлелдеу үшін оларды мал, етік, өлең сөздерімен салаыстырамыз. Бұлардың алғашқылардың құрамы соңғыларға қарағанда күрдерлі, әрқайсысының құрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар бір морфемадан тұрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады, соңғы топтпағы сөздер- туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер,

¤йткені тілде қалыптасқан заңдылық бойынша туынды сөздің морфемдік құрамы негіз создің морфемдік құрамынан күрделі болу керек. Басқаша айтқанда, туынды сөздің құрамындағы морфемалардың саны негіз сөздің морфема санынан көп болады.

  1. Туынды түбір атаулы тек қана негізгі тбірден жасала бермейді. Туынды сөздің түп негізі туынды түбір, күрделі сөзден болуы да кездеседі. Мысалы: егінші, білімпаз, жинал-ыс, көркем-дік т.б. Мұнда да түп негізден туынды сөзден мофемдік құрамы күрделі. Бұл заңдылықтың, ерекшеліктің жалпылық қасиетін байқатады. Егінші деген туынды түбірдің түп негізі- егін. Ол екі морфемадан тұрады, одан жасалған туынды түбір – егінші үш морфемадан тұрады. Тағы да соңғы туынды түбір морфемдік жағынан өзінің жасалуына негз болған сөзден күрделі болып тұр. Білімпаз бен білім, жиналып пен жнал, жинал мен жина дегендердің де морфемдік құрамы соны көрсетеді. Қорыта келгнде, туынды сөздің жасалуына негіз болған сөздердің морфемдік құрамы олардан жасалған туынды создердің морфемдкі құрамнан кіші. Бірақ олар да жалғыз морфемадан тұратын сздер емес, өйткені олардың өздері де – туынды сөздер. Олар туынды сөз бола тұрып, өздерінен басқа туынды сөздердің жасалуына негі болған. Бұдан туынды сөздер де жаңа туылымға негіз болатыны анықталды. Жоғары да келтірілген өнеркәсіптік деген туынды сөзге біріккен сөз негіз болған. Екі сөздің бірігуінен жасалған туынды сөздің келесі бір туынды сөздің жасалуына негіз болуы – тілде кездесе беретін құбылыстардың бірі.
  2. Жоғарыда жасалған талдауларда тағы бір ерекшелік байқалды. Сөзжсамада туынды сөз болса, оның жасалуына негіз болған сөз болады да, осы қос пар негіз сөз бен туынды сөз жұбын жазбайды. Туынды бар жерде туынды сөз бен түп негіздің қосағы міндетті түрде болады. Сондықтан оны туындының бір белгісі ретінде қарау керек. Мысалы: егін-ек, жиын-жи, өнім-өн, ағар-ақ т.б.

Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қандай үлгі бойынша жасалғаны, оның сөзжасамдық қандай типке жататынына да ерекше көңіл бөліну керек. Тілде қандай туынды сөз болса да, тілдегі сөзжасамдық үлгілердің бірі арқылы жасалады. Мысалы, егін, жиын, түйін, қолда, емде, жақта деген туынды түбірлерді талдауда олардың тілде бар екі түрлі үлгі арқылы жасалғаны да ескеріледі. Олардың алғашқы: үшеуізат есімнің түбір етістік +ын (-ін) түріндегі сөзжасамдық үлгісі арқылы жасалғанын, соңғы үшеуі етстіктің есім сөз +-да (-де) түріндегі сөзжасамдық үлгісі арқылы жасалғанын есепке алу қажет. Сонда бұл туынды түбірлердің зат есімнің, етістіктің өнімді үлгілеріінің бірі арқылы жасалғанын сөзжасамдық талдаудың обьектісінің біріне жатады.

Қорыта келгенде, туынды сөз жан-жақты талдаудан өтуі керек. Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің жасалу жолынан бастап, құрамы, мағынасы, жаслу түптері мен үлгілері, сөйлемдегі қызметіне дейін барлық ерекшеліктері қамтылуы керек.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021