Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Сөйлемде баяндауыштың қызметі

баяндауыштың жасалу жолдары туралы мәлімет беру.

  1. Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыштың бойынан табылады. Баяндауыш ретінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер – етістіктер.
  2. Баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе, бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара, керек сөздерін сен малға қара, балаға ойын керек дегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды. Рас, бірсыпыра сөздердің атау, түбір күйінде маңында басқа сөздер болмаса да баяндауыш қызметінде екені айқын болатыны бар. Көтеріңкі дауыспен Шық! Мақұл! Дұрыс! Масқара! Дегенде, олар жеке тұрып–ақ баяндауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ ондайда олар сөйлемдік әуенмен айтылуға тиісті не маңында басқа сөздер болуы керек. Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөз табы – етістік. Олардың түбір күйінде баяндауыш болып кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық музыканы да білдіруімен байланысты болуы керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты. Жападан жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзінен-өзі шық, түс десе, сырттан тыңдаған кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, – етістік мағынасындағы шық, түспе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады.
  3. Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді: Ал Мені шақырған кім? дегенде: – Мен десе, осы айтып отырғаның рас па? дегенде: –Рас десе, олар толық мағыналы баяндауыш болар еді.

Сөйтіп, жоғарыдағыдай жеке сөздердің өз алдына баяндауыштық қызметте тұруы олардың басқа сөздермен мағыналық байланыста айтылуынан болып отыр.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021