Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Құрмалас сөйлем туралы түсінік

Құрмалас сөйлем туралы түсініктеме-мәлімет алу.

  1. Қазақ тіл білімінде синтаксистің нысаны ретінде сөз тіркесі мен сөйлем қатысты деп есептеледі. Сөйлем жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Соңғы кезде синтаксистің объектісінің бір түрі ретінде тілдегі күрделенген сөйлемдерді де арнайы қарастырып келеді. Біздіңше, ол мәселе оқшау сөздер, бірыңғай мүшелер т.б. ретінде сол бұрынғы қалпынша қаралуы орынды (Р.Әмір, Ж.Әмірова, 230-бет).

Әрине, сөз тіркесі, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің ішінде ең негізгісі – жай сөйлемдер синтаксисі. Өйткені жай сөйлем арқылы сөз тіркесі де, құрамалас сөйлем де нақтыланады.

  1. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер Қазан төңкерісінен бұрын да сөз болған. Олардың нағыз ғылыми дәрежеде зерттелуі – соңғы кездің жемісі. Құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері, жасалуы туралы А.Байтұрсынов, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов сияқты ғалымдар едәуір үлес қосты. Осы ғалымдардың ішінде құрмалас сөйлемдер туралы арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар: С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов. Олардың еңбектерінде құрмалас сөйлемдер әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәселелері айқындалды. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден кейбір белгілеріне қарай ерекшеленеді. Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де қызметі жағынан бірдей. Екеуін де сөйлеудің бір бөлігі деп ұққан дұрыс. Екеуі де тілде біршама тиянақты ойды білдіре келе белгілі әуенмен айтылып, адамдардың бір-бірімен хабарласуының, негізгі формасы ретінде беріледі. Оны мына сөйлемдер арқылы салыстырып көрелік: Он алтыншы жылы екі ағам оққа ұшқан (Ә.Шәріпов). Сұм соғыс килікті де, бәріңді көгендеген қозыдай алысқа алып кетті (Ә.Нұршайықов).
  2. Құрмалас сөйлемдер өздерін құрайтын сыңарларымен ерекшеленеді. Жай сөйлемді талдау барысында біз негізінен сөз тіркестеріне және сөйлем мүшелеріне, яғни оны құрайтын әрбір сөзге баса назар аудардық.

Құрмаласа сөйлемдерді талдауда негізінен олардың, қанша сөйлемнен құралатынын, әрбір сөйлемнің тиянақты, тиянақсыз баяндауыштан болатыны ескеріледі.

Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021