Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Үстеу және шылаулық сөздер

Үстеу шығу тегі жағынан алып қарағанда, басқа сөз таптарынан келіп шыққан граммтикалық категория. Сөздер мен өз тіркестері өзінің ұзақ тарихи қолданылу процесінде алғашқы мән – ерекшеліктерін жойып, бірте-бірте «көнереді» де, үстеулерне келіп қосылады. Өзінің туған мағынасынан ажырап, абстракциялнып кеткекн қосымшалада кіріккен түбірлермен бір бүтін тұғлға болып үстек категориясына өтіп отырады. Сондықтан да олрадың сөйлемдер мен сөз тіркестерінің құрамындағы орны да, тұлғасы да тиянақты, берік болады. Әрине, өзінің о бастағы лексика-семаникадық қасиетімен үстеу сөз табынанжататын сөздер де жоқ емес. Бірақ оларды белгілі сөздер тіркесінде, белгілі бір сөздердің қоршауында тұрғанда ғана ажыратуға болады.

Осы айтылғандардан –ақ үстеулердің жаңадан жасалмайтынын өйткені олардың өзіндіктұлғалық көрсеткіші бомайтыны, басқа сөзтаптарының құрамында тұрып тұлғаланған сөздер сол грамматикалық дайын тұлғасымен үстеуге айналатыны байқауға болады.Сондықтан да үстек сөзде морфологиялық көрсеткіштеріне қарап емес, мағыналық ерекшеліктеріне ұарай жіктеледі. Үстеулер мағынасына қарай өз ішінен бірнешеге бөлінеді.

Мезгіл үстеулерінің негізгі түбірден тұратындары аввл (әуел), таң (тан), кече ( кеш), ақшам (ақшам) сияқты лексикалықмағынасы уақыт мерзімін білдіретін сөздер болып келеді.

Туынды түбір үстеулер мынадай тұлғаларда тұрады: -ы //-і: һалы (қазір араб тіліндегі жай – күйді білдретін һал сөінен алынған), авалы (әуелі, түбірі арабтың авал деген сөзі)

-ық//-ік: ілік (ілкі, әуелгі).

– ды//-ді: енді, емді (енді)

-ла//-ле: түнле (түнделете), таңла ( таңдата), бірле (бір-бірлеп).

– луқ//-лүк: түслік (түсте, түстік, түстелете).

-ду//-дү: екіндү (екінді)

Мұндай өлі аффикстердің фонетикалық бірнеше варианттары болу мүмкін. Мысалы –ы//-і, -у//-ү, -ық//-ік, -дық//-дік.

Септік жалғауларымен бірігіп кеткен кейбір түбір сөздер де мезгіл үстеулердің мағынасын бере алады: қанда (қайда), келгенде (келгеннен), т.б.

Мекен үстеулерінің тобын құрайтын сөздердің барлығы дерлік септік жалғауларының өнімді және өнімсіз формаларымен бірігіп, бір тұлғаға айналып кеткендер.

Мөлшер үстеулеріне жататын негізіг түбір: тек (тек), аз (аз), көп (көп), тағ (тақ) сияқты сөздер. Туынды түбір мөлшер үстеулері; йалғыз ( түбірі –йал, жалғыз), тақар (түбірі – тақ, жалғыз), артық (түбірі – арт, артық) тәрізділер.

Мынандай жрнақтармен бірігіп қалыптасқан сөздер де мөлшер үстеулердің қатарына жатады:

-ар//-ер: бірер, -ғына//-гіне: анчағына (сонша ғана), бигіне (би ғана), ханғына (хан ғана)

-рақ//-рек: азрақ (азырақ), йақшырақ (жақсырақ), қаттырақ (қаттырақ), чахлайрақ (шақтау), т.б.

Бейне үстеулеріне мынандай сөздер тән:

Септік тұлғасында тұрған сөздер: бірден (бірден), біргесіне (біргесіне), башқа (басқа).

Көсемше тұлғасында келетін сөздер: а//-е: ача (аша), ерте (ерте), чевре (дөңгелене), көре (қарай), т.б. Әр қилы жұрнақтармен тұлғаланып тұрған сөздер: -ы,-і айры (айрықша), авдары (шалқасынан), йпқшы (жақсы), т.б. Мекен үстеулердің қатарынаеніп кеткен (барыс септігінің удимент формасы арқылы жасалған). Сөздердің соңындағы -ы, -і көрсеткішінде осы топқа жатқызуға болады: ташқашры (тысқары), йоқары (жоғары), т.б.

Мақсат үстеулер. Бары септігінде тұрып қалыптасып кетекен сөздер мақасат үстеулердің мғынасын береді. Барыс септік жалғаулары ондай жағдайларда көбінесе қимыл етістіктермен тіркесіп келедеі: келдік ол ханға тейзмеге (келдік ол ханға құрметтеуге), Бізні тіркізмекге өлді (бізді тірілту үшін өлді), тілермен сізге біраз бір аз теңерісөз айтмаға (тілірмін сізге біраз тәңірінің сөзін айтуға). Сондай-ақ мақсат үстеулері қимыл есімдерінің үшін шыаумен тіркесіп келуі арықлы да жасалады: қорқутмақ үшін (қорқыту үшін), т.б.

Себеп-салдар үстеулері. Шығыс септігінде тұрып қалыптасып кеткен сөздер іс-әрекеттің орындалу себебін білдіріп, себеп-саладр үстеулерін жасайды. Мен жаман сөзімнен жазықты болдым. Еркелеткеннен есірдің, яғни жынды болдың.

Ретіне қарай шартты рай тұлғасында тұрған сөз да іс-әрекеттің орындалу себебін көрсете алады. Мысалы, қожайын тұрса, құлы да тұрады, Қожайын тұрмас, құлы да тұрмайды.

Түбір мен шылаулардың тіркесінен да себеп үстеулері жасалады: ол бөрчдан утру (ол борышты болғандықтан).

Сан есімнен жасалған қос сөздер: бітта-бітта (бір-бірлеп), бірер-бірер (бір–бірлеп), үчер-үчер (үшеу-үшеулеп), бешер-бешер (бесеу-бесеулеп), т.б.


Дереккөзі

Related Posts

Қазақ тілі

Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Қазақ тілі

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Қазақ тілі

Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация

Қазақ тілі

Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

Қазақ тілі

Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар

Қазақ тілі

Дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілі

Дыбыстар тіркесі

Қазақ тілі

Буын, бунақ, екпін. Дыбыстардың үндестігі

Қазақ тілі

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау

Қазақ тілі

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы .

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021