Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Мерейтой 50 жас туған күнмен құттықтау – тілек!

50 жас

Мерейтой 50 жас туған күнмен құттықтау – тілек!

Құрметті отағасы! Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтің құтты болсын! Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, — ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып келесің.

Әрдайым шаңырағымыздың тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі болдың. Талай асуларды табандылықпен жеңіп, нелер қиындықтарды қажырмен жеңдік. «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола бер. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бер! Денсаулығың күйлі-қуатты, ғұмырың ұзағынан, көрер қуанышың молынан болсын деймін.

50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
Елу жылда – ел жаңа деген сөз бар
Сол елуге өзің де келдің міне.

Қыздарың қиясына қонып жатыр
Келін алып жылы суға қолың батыр
Дүниеге келе берсін Таңғалиевтар
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.

Құтты болсын мерей той, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн,
Жылдан жылға жақсарып денсаулығың
Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер,
Атанып куәгері алтын тойдың.

Қызмет етіп, жан аға, елге күнде,
Еңбегіңмен биікке өрледің бе.
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз
Ердің жасы – елуге келгеніңде.
Зымырандай зуылдап барады күн,
Көңіліңнің қалауын табады інің.
Елу жаста болыңыз ел ағасы,
Бойға жиған бабалар даналығын.

Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа осы ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассын, інім менің!…

Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Ұрпағыңыз жүрсін дейміз
аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!

Елу жас – ердің жасы
Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.
Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.

Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.

Елу деген – ердің жасы еңселі,
Елу деген – парасаттың өлшемі.
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сені.
Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің.

Елу деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаң да.
Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Елу деген – ес тоқтату, есею,
Елу деген – елдің жүгін көтеру.
Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,
Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
Елу жас – енді өмірдің басталғаны,
Жетіңіз талай шыңға, асқарға әлі!
Қос жанар – қос балаңыз аман болсын,
Сол емес пе ананың басты арманы!

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ….. жанға!
Ауылға құт-береке орнағансын,
Ақтерек ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.

Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.

Арналсын …жанға ақ-адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.

Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.

…жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.

 

Дереккөзі

Tags: 50 жасМерейтойтілектуған күнмен құттықтау

Related Posts

Досқа тілек
Құттықтау

Досқа тілек

2021 жыл
Құттықтау

2021 жыл: Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар

тілектер
Құттықтау

Сәттілік тілектер

Адамның жасына байланысты атаулар
Құттықтау

Адамның жасына байланысты атаулар

Аға-ініні туған күнімен құттықтау
Құттықтау

Бауырым менің! Аға-ініні туылған күнімен құттықтау

Туған күнге тілек
Құттықтау

Туған күнге тілек “Ақ тілек” кітабынан

туған күніңмен құттықтаймын
Құттықтау

Сені бүгінгі қуанышты туған күніңмен құттықтаймын

Туған күнге тілек
Құттықтау

Туған күнге тілек

Туған күнге бата беру
Құттықтау

Туған күнге бата беру

Тамада кітабынан
Құттықтау

Тамада кітабынан: Тілегеніңе жете бер

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021