Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Адамгершілік құндылықтар

Ашық сынып сағаты 5 сынып

Адамгершілік құндылықтар.
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды бойына жинақтаған, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мағзом Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесі. Нақыл сөздер.
Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Адамгершілік туралы оқушы шығармалары, өлеңдер, салған суреттері. Интерактивті тақта. Слайд.
Сынып сағатының түрі: конференция сабақ «Кітап оқушылар конференциясы»
Сынып сағатының әдісі: баяндау, пікірлесу, талдау.

Сынып сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінен адамгершілік құндылықтар туралы баяндау. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру
3. Адамгершілік балалар көзімен… (шығармашылық тапсырмамен жұмыс)
4. Мұхаммед пайғамбар хадистеріндегі адамгершілік құндылықтар туралы.
5. Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау

І – бөлім.
М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінің мазмұнын айту.
Оқушылармен пікірлесу арқылы әңгімеден адамгершілік қасиеттерді табу, талдау.
Слайдта көрсетілген жетекші сұрақтар:
1) «Қасқалдақ» әңгімесінде не туралы айтылған?
2) Ана – қасқалдақтың балапандарына деген сүйіспеншілігі, мейірім, қамқорлығы, өнегесі әңгіменің қай жерлерінен көруге болады?
3) Балапандардың қылықтарына қарап біз не аңғарамыз? Ақ мойын балапан несімен ерекшеленеді?
4) «Отты таяғы барлар» кімдер? Сендердің ойларыңызша қара мұртты қандай адам, аңсары Бектас ше?
5) Әңгімеде қандай адамгершілік құндылықтар келтірілген?
Әңгімеде кездескен адамгершілік қасиеттерді слайдтан көрсетіп мағынасын түсіну
(Сабырлық, қанағатшылдық, мейірімділік, қамқорлық, имандылық, парасаттылық, сүйіспеншілік, рақымшылық, еңбекқорлық т. б.)

Мұғалім сөзі:
«Қасқалдақ» әңгімесін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру.
«Қасқалдақтың қанындай» деген халық сөзінің төркіні кең. Қазақ қимас нәрсесін қасқалдақтың қанына теңеген. Қасқалдақ кішкентай сұр құс. Өзі кішілігіне қарамастан азат өмірге құштар.

ІІ – Бөлім.
Адамгершілік балалар көзімен…
1. Оқушы шығармасы
2. Өлеңдер оқу.
3. Сурет салу.

ІІІ – Бөлім
Мұхаммед хадистерінде адамгершілік құндылықтар туралы.
83, 44, 142 хадистерді слайдта көрсетіп, оқу.
Ислам діні және басқада дүние жүзінде өмір сүретін діндерде адамгершілік құндылықты уағыздайды. Адамдық, имандылыққа қарсы экстремизмге жол жоқ дей отырып, оқушыларды салауатты өмірге шақыру.

ІҮ – бөлім
Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау


Адамгершілік құндылықтар Сүндетовтың қасқалдақ әңгімесі

© Дереккөзі

Tags: адамгершілік құндылықтарСүндетовтың қасқалдақ әңгімесі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021