Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Айналайын анашым

Айналайын анашым
Залда жасырын қол өнермен кәмпиттермен безендірілген Кәмпит ағашы. Балалар әуенмен залға кіріп, жарты дөңгелек болып тұрады.

Ертеңгілік жүру барысы.
1. Ән « Құттықтаймын мама»
2. Тосын сый
3. Көктем кіреді
4. Ән «Көктем әні»
5. Би «Гүлдер»
6. Би «Жұптасу»
7. Ойын «Жылы лебіз»
8. Ән « Мы запели песенку»
9. Би «Матрюшки»
10. «Үш ана» көрінісі.
11. Ойын «Түсін тап»
12. Би: «Вальс»
13. Ән «Анашым»

Жүргізуші:- Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Сәлеметсіздер ме қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын деп
«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.

Наз:- Анам – жұмақ, мен – шуақ, саябағы
Анам – шырақ, мен – сұрақ, санадағы,
Анам – теңіз, мен – қайық, тербетілген,
Анам – бұлақ, мен құрақ, жағадағы.

Бекарыс: Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге жарқыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан,

Нұрайдын:- Анамызға еркелеп
Қуантуды қалаймыз
Өссек егер ертерек,
Мен тігінші анамның
Өнегесін аламын
Ертең мендей анамдай
Тігінші боламын.

Әділет: – Анамды жақсы көремін,
Айтқаныңнан шықпаймын.
Ол көзімнің қарасы болса егер
Мен оның жанарының ағынанмын.

Айым:- Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін.

Ән «Құттықтаймын мама»
(балалар орындыққа отырады.)
Жүргізуші:- Өмірде таң ғажайып сәт көп,
Аралап дүниенің жер шарын,
Мұндай қызықты,
Таппайсың сен еш жерден.
Құпиясын айтайын,
Мұны жасаған балалардың өздері.
Жылы сөзбен өсірген сыйымыз бар…
(Сахна ашылып ортада ағаш кәмпит тұрады.)
Мейірімі төгілген
Әсем, әдемі таң ғажайып сыйымыз мінекей.
Айару: Ағаштың әр бұтағында
Әжелермен аналарға
Тәтті кәмпит сыйға тұр.
Ұнады ма сіздерге
Сыйлығымыз біздердің? (қонақтар жауабы.)
Ж: – Бізге де қатты ұнады! Бірақ ойлаймын, бұл жәй кәмпит емес. Мүмкін онда мармелад бар шығар?
Б: – Жоқ
Ж: – Мүмкін онда шоколад?
Б: – Жоқ
Ж: – Мүмкін жаңғақ пен қалуа болар?
Б: – Жоқ
Ж: – Ал балалар, тездетіп
Құпияны ашайық.
Не жасырынған онда деп,
Білгісі келеді бәріде.

Ибрахим: Біз балалар мен келісіп,
Таңқалдырмақ оймен.
Барлық ертеңгілік барысын
Осы кәмпитке сыйғыздық.
Ж: – Ендеше, басташы өзің, қайсысынан бастайық.
(Жүргізуші бала суырған кәмпитті ашып оқиды)

Ж:- Жасыл көктем, сен көктем.
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты, мейірлі,
Балалары әндеткен.
Төрлет көктем жоғары.
(Көктем кіреді) (сөзі)
Ж: – Көктем, ендігі сенің кезегің болсын қайсысын таңдайсың?
Ән «Көктем әні»
Би «Гүлдер»
(Келесі кәмпитті таңдалады)

Ж: – Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті.
Баға жетпес ақ әжем.
Тәтті лебізіміз сіздерге арналады.

Исмаил:- Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Расул:- Мейірімі жел жібек
Күндей ыстық құшағы
Ет жүрегі елжіреп
Құлыным деп құшады.

Ибрахим:- Әже деген көп шығар
Әжедейі жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Би «Жұптасу»
(Келесі кәмпитті таңдалады)
Айналайын анашым жүктеу


Айналайын анашым 8 наурыз аналар мерекесіне арналған ана туралы тақпақтар

© Дереккөзі

Tags: 8 наурыз аналар мерекесіне арналғанАйналайын анашымана туралы тақпақтар

Related Posts

Тәрбие сағаты

Жаңа жылдық тосын сый

Тәрбие сағаты

Сценарий конкурса: «Бал-маскарад» (8-11 классы)

Тәрбие сағаты

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып

Тәрбие сағаты

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Тәрбие сағаты

Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі

Тәрбие сағаты

Атадан қалған асыл сөз

Тәрбие сағаты

Достық – ұлы ұғым

Тәрбие сағаты

Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын

Тәрбие сағаты

Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!

Тәрбие сағаты

Халық дәстүрі – асыл қазына

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021