Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Алғашқы қоңырау!

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы.

І жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар, сүйікті шәкірттер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам – алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, ұстаздар, құрметті қонақтар, сүйікті шәкірттер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам – алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
І жүргізуші: Мектеп қой еліміздің жаны – қаны, Мектептен басталады білім нәрі. Білім күнгі мерекелік жиында, Шырқалсын, Қазақстан әнұраны!

ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының Ата заңының ……. жылдық мерейтойымен сіздерді құттықтай отырып, «Алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! ҚР туын көтеру құрметіне 11 сынып оқушылары беріледі
/Әнұран орындалады/
І жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны. Оқу жылы басталды ұстаз, шәкірт, Құтты болсын бүгінгі Білім күні! Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі лицей директоры Амалбаев Таңат Қайнарбайұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: Біздің алтын ұя мектебімізге, дарынды да талантты шәкірттерімізге ақ тілектерін жеткізуге қадірлі, сыйлы қонақтар келіп, біздің қуанышымызды бөлісіп отыр. Мерекелік құттықтау сөз кезегі аудан әкімі ———————— беріледі
Келесі құттықтау сөз ата – аналар атынан ————- беріледі.

І жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың.
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
ІІ жүргізуші: Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған жас бүлдіршіндеріміз 5 сынып оқушылары болып отыр. Бұл шәкірттер сынақ емтиханынан мүдірмей өтіп, зеректіктерінің арқасында Бейнеу лицейіне қабылданып отыр. Сіздерге қадамдарыңызға гүл бітсін, «Ақ жол» болсын деп тілек білдіреміз. /Ортаға 5 сынып оқушылары шығады.

І жүргізуші: Ендігі сөз кезегі біздің ізбасарларымыз 5 сынып оқушыларында.
1- оқушы: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар тағы бір,
Жаңа оқу жылы басталды.
2- оқушы: Ауданымыздың мақтан тұтар мектебі,
«Бейнеу лицейі» бізге білім нұрын себеді.
Олимпиада, ғылыми жоба жарысында,
Шәкірттері оза шауып келеді.
3- оқушы: Математика пәнін сүйеміз,
Сырын ойға түйеміз.
Ұстаздарды ардақтап,
Құрметпен бас иеміз./
Осы кезде барлығы бірге басын иеді/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Алғашқы қоңырау білім күніне арналған салтанатты жиыны сыныптан тыс шара сценарийі

© Дереккөзі

Tags: алғашқы қоңыраубілім күніне арналғансалтанатты жиынысыныптан тыс шара сценарийі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021