Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Анаға тағзым

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасы – ның амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуа – нышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігің тұтқасы санап аялайды.
Адам баласының ой – санасы өсіп, ақыл – ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы – жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан – жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым – қатынастарынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата – ананың ең маңызды міндеті.
(Қамқоршы Баян апайға сөз беру, бала тәрбиесіндегі тәжірибесін ортаға салу).

Өлең оқу: 1. Қайырғалиева Ерке – «Сыйынар ем, ана деген тәңірге!»
2. Азаматов Бектас – «Ана мейірімі»

Оқушылардың Баян апай туралы жазған шығармаларын тыңдау.

– Халық «Бір отбасында нешеу болсаң, бір – біріңе қонақсың, бір – біріңді сыйласаң, жан семіреді», – деп қайырымды қасиетті ұрпақтарына өнеге еткен. Ата – ана баласына жан жылуын білдіру үшін «Айналайын» деген сөзді айтады. Жылы сөз, жан жадыртар сөздер көп. Ата – ана баласына риза болғанда жылы сөзін аямайды немесе риза болғанда әр түрлі кейіп танытады. Қазір сондай сөздерді айтып, қимылдарды көрсетуге тырысайық.
Сен үшін мақтанамын! Өте тартымды! Тамаша!
Жарайсың! Дұрыс істедің! Қуаныштымын!
Бәрін жақсы істедің! Өте тартымды! Үнсіз басынан сипау.
Ақылдым! Дарындысың! Үнсіз құшақтау.
Құттықтаймын! Ғажап! Керегі дәл осы еді! т. б.

– Қадірбек туралы сыныптастарының пікірлерін тыңдау.

Тренинг
– 1. Кімнің көзі үлкен – 3 рет кірпігін қағу керек.
– 2. Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішкен болса, ішін сипау керек.
– 3. Кімнің туған күні күзде болса, осы топтың ішінен біреуді алып билеу керек.
– 4. Кім шайды лимонмен ішкенді ұнататын болса, сол өзінің отырғышының астына қарасын.
– 5. Кім мектепке келгенді ұнатады, сол қолды шапалақтасын.
– 6. Кім көрінбейтін адам болғысы келсе, екі қолымен бетін ұстасын.
– 7. Кім музыкалық аспапта ойнай алса, сол қалай ойнайтынын көрсетсін.
– 8. Кім әнші болғысы келсе, микрофон ұстасын.

Қамқорлықтағы оқушы Қадірбектің «Менің арманым» шығармасын тыңдау.

«Ізгі тілектер» – сиқырлы таяқшаның көмегімен оқушының алақанына немесе арқасына әріп салу, сол әріптен басталатын тілектер айту.

Отбасы махаббатын сезінген баланың ғана еліне деген махаббаты оянары сөзсіз. Себебі мемлекет отбасынан басталады. Отбасы қадірін білген, сезінген, соның ыстық – суығына төзген жасөспірім ғана ертең елінің қадірін білетін, сезінетін, ыстық – суығына төзе алатын азамат бола алады. Бойында еліне деген сүйіспеншілігі бар азамат қана еліміздің жарқын болашағына жарқын жол бастар білімді де білікті азамат болуына ықпал жасау бүгінгі күнгі басты мақсатымыз.
– Қызғыштай қорғап ұясын,
Бала үшін жанын қиятын.
Қамқор болып жанына
Бауырдың бәрін жиятын –
Баян апайға бала тәрбиесіндегі ұшан теңіз еңбегі мен мейіріміне ризашылығымызды білдіреміз.
Алғыс хат пен сыйлық табыс етілді.
Ән: Анаға арнау. Көшенов Еділ


қамқоршы күні анаға тағзым ана туралы тәрбие сағаты тренинг қамқорлық туралы отбасы

© Дереккөзі

Tags: ана туралыанаға тағзымқамқоршы күніотбасытәрбие сағатытренинг қамқорлық туралы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021