Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Аққан жұлдыз (әдеби – танымдық кеш)

Тақырыбы: «Аққан жұлдыз» атты әдеби – танымдық кеш (презентациясымен)
Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Міндеттері: Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру. Шоқан шығармашылығын тану.
Дамытушылық: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби – танымдық кеш
Сабақтың әдісі: баяндау, әдеби монтаж, сахналық көрініс.
Сабақтың көрнекілігі: «Шоқан саяхаттары» карта – сызба, Ұлы ғалым туралы жазылған ой – пікірлер.
Тәрбие шарасының нәтижесі:
– 8 сыныпта оқылатын «Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов» тақырыбы негізінде қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын тану;
– Қазақ халқының өткенін танымай, ол өнерден нәр алмай, ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес, Шоқан Уәлихановтың өмірімен, қызметімен танысу арқылы, Шоқан Уәлихановтың ұлтын, елінің тарихын, салт – санасын сүйген азамат екендігін танып біледі.
Мұғалім сөзі:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай – ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от – арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, – деп
ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты әдеби – танымдық кешке қош келдіңіздер!

І бөлім «Тектіден текті туар қайталанбас»
1 – оқушы: Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал – айласы мол Орта жүз ханы болған. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге құштар болған.
Шыңғыс сұлтан мен Зейнептің тұңғыштарына мұсылманша Мұхаммед – қанапия есемі беріледі. Анасы баланы Шоқан атаған, осы жалған ат дүйім жұртқа әйгілі болып, шын атқа айналып кетті.

2 – оқушы: Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата – бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.

Ән: Көкшетау
3 – оқушы: «Шоқанның балалық шағы»
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой – пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. «Корпуста ой – өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар – ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды» – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф – ғалым Т. Н. Потанин.
Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой – пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде – ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз «Еуропаға ашқан терезе» сықылды болды», – деп жазады Г. И. Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.

4 – оқушы: «Шоқанның – сурет өнері»
Сурет өнерін жас кезінен – ақ жақсы көрген. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері, халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847 – 1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан «корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер» – деп атайды. Бүкіл саналы ғұмырында Шоқан шығыстанушы, жалпы өнер зерттеушісі ретінде көрінуі кездейсоқтық емес. Ол өзінің қысқа ғұмырында сурет, сәулет, мүсін, сән және қолөнерге айрықша маңыз берген. Шоқаннан 150 – ге тарта сурет қалған.
Ол портрет, табиғат көрінісі, пейзаж, халықтың тұрмыс – салтын бейнелеу жанрымен айналысқан.
Көрініс: «Мүсінші мысық»

5 – оқушы: Қоғамдық, әдеби қызметі
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ – орыс әскерінің 6 – атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік – Батыс аймағының генерал – губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай – ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Аққан жұлдыз әдеби танымдық кеш сценарийі слайдымен Шоқан Уәлиханов туралы

© Дереккөзі

Tags: Аққан жұлдыз әдеби танымдық кеш сценарийі слайдыменШоқан Уәлиханов туралы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021