Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Байтақ ел күн сәулелі – Қазақстан

«Байтақ ел күн сәулелі – Қазақстан» атты 16 – желтоқсан Қ. Р. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

1: Қайырлы күн қадірлі қонақтар!
2: Аса құрметті ардагерлер!
1: Ұлағатты ұстаздар!
2: Қымбатты Отан сүйер жастар!
1: Бүгінгі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне арналған
«Байтақ ел күн сәулелі – Қазақстан» атты мерекелік салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!
2: Қадірменді әлеумет баршаңызға бүкіл Республика халқы тағатсыздана күткен, Қ. Р. Тәуелсіздігінің 22 жылдық мерейтойы құтты болсын.
1: Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік. Елдігіміздің белгісі – Еркіндік, Ғасырларға куә – Тарих, ерлік, елдік.
Рухы биік ұрпақ.
Кешегі Мысыр елін билеген Бейбарыс, Үнді елін мойындатқан Бабыр бабаларымыздың ұрпағы араға 2, 5 ғасыр уақыт салып алты әлемге өзінің дербес мемлекет ретінде Тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы Қазақстанның жоғарғы кеңесі Тәуелсіздік жариялап оны бүкіл дүние жүзі мойындады. Тарихта тұңғыш рет өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар дербес Қазақ Мемлекеті жарияланды.
2: Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті Туы көк аспанда желбіреді. Еңселі елтаңбамыз айбынымызды асырып, Әнұранымыз рухымызды аспандатты.
1:
Бірлестік түзеліңдер, тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілуге дайындалсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!
Ту астында сап түзеңдер!
Фанфар.
Қ. Р. мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1: Тәуелсіздіктің алтын шамы жанғалы да 21 жыл өтіпті. 21 жыл – бағындырған белестерге толы. Әр жолы тарих жылнамасына алтын әріптермен жазылар жақұтты жылдар.
2: Қазақ елі үшін сындарлы сәтте тарих өзі тудырған тағдыр иесі елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елді алға бастап, Тәуелсіздік айданында еркін құлаш ұруына негіз қалады. Елінің бүгіні мен болашағын тең ойлап көрегендік танытты.
1: Тарихи қысқа мерзім ішінде мемлекеттік сәйкестіктің аса маңызды шарттары ұлттық валюта, ұлттық банк, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық қарулы күштер, мемлекеттік шекара, жаңа сот, мемлекттік дипломатия, сайлау жүйелері қалыптасты.
2: Экономикалық Тәуелсіздігіміз аныққа шығып, елімізді тұрақты еткен төл конституциямыз елімізді зайырлы құқықтық мемлеет ретінде айдай әлемге паш етті.
1: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.
Шарықтайық, шаттанайық, тыңбайық!
Тәуелсіздік күнің бүгін халқым бірге тойлайық!
2: Қ. Р. Тәуелсіздігі күнімен құттықтау сөз ауыл әкімі —————- беріледі. марапаттау рәсімі

1: Сахнада «Қазақтай ел қайда» әнімен —————-

2: Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсаттарының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 21 жыл бұрын жариялаған болатын.

1: Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт азаттық көтерілістері қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Олай болса тарихқа зер салайық.
«Жылдар сөйлейді»

«Жылдар сөйлейді!»
1991 жылы – 1 желтоқсанда республикада бүкіл халықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ кеңестік Социалдық республиканың президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы – 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жарияланды.
1992 жылы 2 наурызда – Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.
1992 жылы 29 қыркүйек 3 қазан аралығында Дүниежүзілік Қазақтар Құрылтайы Алматыда өткізілді.
1992 жылы – 4 маусымда Қ. Р Мемлекеттік Рәміздері қабылданды. Бұл Қазақстан тарихында ұмытылмас тарихи күн.
1993 жылы 21 қаңтарда Қ. Р алғашқы тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада Қ. Р – ң Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
1994 жылы – Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкері Т. Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.
1994 жылы ядролық қаруды тоқтату туралы келісім – шартқа қол қойылды.
1995 жыл – ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев атамыздың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің Ата Заңы – Конституция қабылданды.
1995 жылы 1 – наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.
1996 жылы 9 желтоқсанда желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Байтақ ел күн сәулелі Қазақстан сценарий тәуелсіздік тәрбие сағаты Отан туралы

© Дереккөзі

Tags: Байтақ ел күн сәулелі Қазақстансценарий тәуелсіздіктәрбие сағаты отан туралы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021