Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Бала – өмірдің гүлі (1 – маусымға арналған тәрбие сағаты)

«Бала – өмірдің гүлі» (1 – маусымға арналған тәрбие сағаты)

Мақсаты:
Жас ұрпақ бойында адамгершілік қасиетті насихаттауға,
дене бітімдерін шынықтыруға баулу, дағды мен білім, біліктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: шарлар, сөздер, гүлдер, дидактикалық материалдар, заттар тб.

Негізгі бөлім:
1-жүргізуші:
Балалардың тәрбиесі табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата – аналар арасындағы ынтымақтастық қарым – қатынас. Өйткені адамзат бесігі тербеткен баланың бас ұстазы ата – ана. «Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»- деп елбасы айтқандай, бала анадан мейір алып өседі. Қай ата – ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті, болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата – анасына ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі «Бала – өмірдің гүлі» атты мерекемізге қош келіпсіздер.

2 – жүргізуші:
Армысыздар, қонақтар мен ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас бүлдіршіндер!
Берекелі, мерекелі балалар күні құтты болсың!

1 – жүргізуші:
Балаларды қорғау күнімен құттықтау сөздері:
Ауыл әкімшілік атынан беріледі.
Мектеп директоры Қазбекова Жайнагүл Қосманқызына беріледі.
Ата – аналар атынан…………………….. беріледі.
2 – -жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың,
Болсың солай әрбір күнің, әр айын,
Бөбектердің тойлары құтты болсың,
Тойға арнап шашу шашылсың.
(Шашу шашылады Күлшара Серғалиқызы, Света Сайынқызы, Зейнеп Кәкімқызы)
1 – жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй дегендей шашуға арнап Күлшара Серғалиқызының орындауында ән «Айым болып тудың ба?»
2- жүргізуші
Қасиеттің бәрі керек адамға,
Өлеңдері мынау үлкен ғаламда,
Әрі тапқыр, әрі жылдам бүлдіршіндер,
Қане, шықсың таңғажайып алаңға.
Өлең жаттаулар
1 – жүргізуші
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсың әсем өміріміз,
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліміз.
Ән Жансаяның орындауында «Алақай».
2 – жүргізуші
Балабақша үйлері,
Иіліп сәлем береді.
Кішкентай бөбектерімізге,
Сөз кезегін береміз.
«Балауса» шағын орталығы.
1 – жүргізуші
Өнерлінің өнерін,
Тағыда байқап көрейік,
Жүйрік аттай желейік
Ойындар ойнап көрейік.
1 ойын: «Дыбысын келтіру»
Шарты: суреттерді таңдап алып, дыбыстарын келтіру және көрсету. /марапаттау/
2. ойын: «Орынды тап»
Шарты: музыка әуені тоқталған кезде орынды тауып отыра қалу. /марапаттау/
2 – жүргізуші
Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз деп, бүлдіршіндердің орындауында «Айгөлек» әні.
1 – жүргізуші
Көрерменім көбейсің күннен күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да,
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Қуанышта бар, жырда бар жолдарда,
Бүлдіршіндер менің, достарым менің,
Бәрін де аман болыңдар!
2 – жүргізуші
Концерттік бағдарламаның жалғасы «Толағай» спорттық сайысы.
«Толағай»
«Асфальтке сурет салу
Табиғатқа саяхат


1 маусымға арналған тәрбие сағаты бала өмірдің гүлі

© Дереккөзі

Tags: 1 маусымға арналған тәрбие сағатыбала өмірдің гүлі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021