Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Бастауышым – бастамам

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлармен безендіру.
Б а р ы с ы:
Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ…
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға!

4 «А» сынып. Сынып жетекшісі – ———————
Бибажар апай, Бассақ бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана мен әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.

4 «Ә» сынып. Сынып жетекшісі – —————
Гүлзира апай, Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.

4 «Б» сынып. Сынып жетекшісі – ——————–
Гүлбану апай, Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың,
Көп түрін біз тастадық.

4 «В» сынып. Сынып жетекшісі – ——————
Назира апай, Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.

4 «Г» сынып. Сынып жетекшісі – ———————
Раушан апай, Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңізді ұнаттық арамызда.

4 «Д» сынып. Сынып жетекшісі – ————————–
Жадыра апай, Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


бастауышпен қоштасу сценарийі қош бол бастауыш сынып бастауышым балбұлағым сыныптан тыс шара

© Дереккөзі

Tags: Бастауышпен қоштасу сценарийібастауышым балбұлағымқош бол бастауыш сыныпсыныптан тыс шара

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021