Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Біз құқығымызды білеміз бе?

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біз құқығымызды білеміз бе?»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Құқықтың пайда болуы, құқық көздері, құқық пен дін қатынасы туралы толық білім беру.
2. Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Балалар құқығы Конвенциясы, Конституция баптарынан үзінді, нақыл сөздер.
Әдісі: дисскусия

Тәрбие сағатының барысы:
І. Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі: – Құрметті оқушылар «Біз құқығымызды білеміз бе?» атты сұрақ – жауап кешін ашық деп жариялаймыз. Біз бүгінде бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз егемен мемлекетпіз. Әр мемлекеттің өз заңы бар. Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы (21 – маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.

ІІ. Негізгі бөлім
1 – оқушы:- Құқық бұзу – заң бұзу ма? Бұл жағдайда адамды жазаламайды ғой; солай ма?
Мұғалім:- Көпшілік арасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұйымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екенін қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.

Құқық – бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез – құлық ережелерінің жиынтығы. Оның негізгі бастамалары: саяси биліктің халық еркіне бағынуы, меншік түрлерінің теңдігі және адамгершілік ұстанымдары. Сонымен құқық дегеніміз не? Құқық бұл біздің қалауымыз. Мысалы, сенің оқығың келе ме? Осыған сәйкес құқық бар. Бірақ біздің барлық қалауымыз құқық бола бермейді, құқық деп аталу үшін біздің қалауымыз ақылға сыйымды болу керек, ал басқалардың қалауына қарсы келмеу керек. Сонымен, құқық дегеніміз – бұл біздің күнделікті іс – әрекетіміз.

Біз барлық заңдарды есімізге сақтай алмаймыз, соған қарамай заңды бұзбаймыз. Себебі, заң күнделікті әрекетімізден алынады. Мысалы, сен орта білім алғың келмесе де оқуға міндеттісің. Өйткені қоғам әр азаматтың сауатты болуын талап етеді.
2 – Оқушы: – Құқық ұғымын түсіндік, құқық көздері деген не?
Мұғалім:- Заң шығарушыларға құқық көздері көмектеседі. Құқық көздерінің әлеуметтік дағдылары: мемлекет, топтар, дәстүр, идеология т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Тәрбие сағаты конституция құқықтың пайда болуы құқық көздері құқық пен дін қатынасы

© Дереккөзі

Tags: конституцияқұқық көздеріқұқық пен дін қатынасықұқықтың пайда болуытәрбие сағаты

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021