Connect with us

Бәрі туралы

Тәрбие сағаты

Дарынды бала: ол кім?

Тақырыбы: « Дарынды бала: ол кім ?» /5-11 сыныптар/
Дайындаған: Ы.Сахиев.
Мақсаты: Оқушылардың дарындық қабілеттін арттыру, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ұлы ғұламалардың өлеңдерін жатқа айту, оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Түрі: Шоу
Әдісі: “Ғажайып бір минут” бағдарламасы желісінде
Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріліп, кештің тақырыбы ілінеді. Залда оқушылардың шығармашылық жұмыстары қойылып, қанатты сөздер ілінеді.
Керекті құралдар: Мультимедиялық тақта, компьютер, үн таспа, күй сандық, фото және видео камералар.
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік
Барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Шараға қатынасушы оқушылардың әзірлігін бақылау, түгендеу. Сахнаға шығу реттік санын бойынша оқушыларды дайындау.
Жүргізушілер мерекелік үлгіде киінген.
1-жүргізуші: Райгүл Наурызбекова
2-жүргізуші: Ыбырай Сахиев
1- жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар, құрметті бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!
2-жүр: «Евразия» телеарнасындағы «Ғажайып 1 минут» бағдарламасы желісімен ұйымдастырылып отырған «Дарынды бала ол кім?» атты шоуды тамашалауға қош келдіңіздер!
1-жүр: Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,
Кішіге ізет,үлкендерді сыйлаған.
Осындай оқушылар бар бізде
Өнерлілер, дарындылар жиналған.
2- жүр: Бұл шараның өтілу мақсаты дарынды, даралардың, таланттарын насихаттау.
1-жүрг.: Мектебім өнер – білім ордасы бұл,
Өнерменен, ақылменен шашады нұр.
Талай талант өнердің иелері
Қазақстан төрінде қасқайып тұр.
2-жүрг: Ия, расымен де бұл – дарынды жастардың ордасы. Біздің мектебіміз өнерлілердің тәрбиелеп отырған мектеп. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай: «Қазақстаның болашағы – дарынды жастар»1-жүрг: Әр сыныптың оқушылары сахна төрінде бас қосып, бір – біріне бауыр басып, арамызда сыйластық, бірлік бар. Мектебіміздегі барлық дарынды балаларды бір үйдің балаларындай еткен ең бірінші Жаратқанның ісі болса, екіншісі – аяулы ұстаздардың арқасы.

Екеуі бірге: Дарынды даралылар еліне қош келдіңіздер!
2-жүрг: Қазақ халқы өнегелі бай екен,
Өнер деген мол қазыналы бай екен,
Домбыра тартып, ән айтып , жыр жырлайық,
Өнерсіз бала бұл мектепте кемде – кем.
1- жүрг: Таныс болыңыздар, Гүлайым Қуанышқалиқызы. Мектебіміздің жезтаңдай әншісі. Гүлайым саз мектебінде домбыра бөлімінде оқиды. Гүлайым үлкен сахнада өнер көрсетіп жүр. Қошеметпен Гүлайымды қарсы алайық.
Шәмші Қалдаяқовтың әні «Отырардағы той»
2-жүрг: Бізде өнердің барлығы бар, бәрі де
Тамашалар жасы болсын кәрі де
Ақындардың өнерін жатқа айтатын
Ұл – қыздарды шақырамыз және де.

1 -жүрг: Шыңдыбаева Ақбидай 10 сынып оқушысы. Мектепішілік көркемсөз конкурсының жүлдегері. Аудандық «Абай – Шәкәрім» оқуларының өлеңін жатқа айту бөлімі бойынша жүлделі 2 орын иегері. 2010 жылы Облыстық қазақ тілі мен әдебиет пәндер олимпиадасының поэзия мен проза оқытудың жүлдегері. Жетекшісі: М.Аяғанова
2-жүрг: Қай жанрды да өте тамаша орындайды. Бойында актерлік қабілеті басым. Таңдап отырған пәні: әдебиет

Мұхтар Шаханов: «Махамбеттің соңғы сөзі»

1 -жүрг: Қыз сұлу көрінеді өркенімін,
Тізілтіп сөз маржаны тергенімен
Майысып, бұратылып майда басып,
Жанында көз қылықпен келгенімен
2-жүрг: Әр ұлттың өз шыңы, өз ерекшелігі бар емес па?
1-жүрг: Ия, өзбектің биі тамаша,бірақ қазақтың көнерген буын биіне жетер ештеңе жоқ.
2-Жүрг: 5 «Ә» сынып оқу озаты Бөрібай Санияшты осы көнерген буын биі «Қара жорғаны» халыққа насихаттаушы десе де болады. Санияш сахналарда көбіне қазақ биін билейді және биді өзі дайындайды. Ауданда өткен «Өнерлі балғын – 2009» фестивалінде «Қара жорға» биімен сайысқа түсіп бас жүлдеге ие болды.

1-жүрг: Билеу қабілетті ерекше жас бишінің арманы атақты биші Шұғыла Сапарбайқызындай танымал жұлдыз бола білу. Ендеше сахнада Санияшты қарсы алайық.
2-жүрг: Талантты, дарынды бала бізде жетерлік. Мектебіміздегі «Сырлы қалам » атты суретшілер үйірмесінің мақтанышы 7 сынып оқушысы Беркін Инабатты сахна төріне шақырамыз.
1-жүрг.: Инабаттың шығармалары көптеген мектепішілік сайыстарда бағаланып жеңімпаз атанып жүр. Инабат суреті ермек үшін салмайды. Әсіресе, суреттері сөйлеп тұрады. Ақ қағазға жан бітіре, өзі сүйген бейнені өзгеде сүйсінте жеткізуге кұштар. Бояуды баттастырмай талғаммен бояп, баппен асықпай салады. Инабаттың салған суреттеріне назар салайық.
2-жүрг: «Қызғалдақтың Отаны Қазақстан» атты облыстық оқушылардың суретшілер сайысында 1 орын алып Алматы қаласына Республикалық байқауға шақырылды. Қазір Инабат сіздердің алдарыңызға өз өнерін көрсетіп сурет салып береді.
1-жүрг: Инабаттың суреті дайын болғанша мектепшілік көркемсөз орындау жүлдегері «Көркемөнерпаздар» фестивалінің көркемсөз оқу бөлімі бойынша бас жүлденің иегері оқу озаты, болашақ аудан, облыс, Республика жүлдегері деп үміт күттірер оқушы Әліпқали Арайлымды қарсы алыңыздар. Мұхтар Шахановтың туындысы «Әке үкімі»

2- жүрг: Кең өлке барма қазақ даласындай
Ал дара барма, қазақ данасындай.
Қазақтың ән мен күйін асқақтатқан
Бар ма екен күйші қызы данасындай.
«Домбыра – қазақтың қасиеті дүниесі өзің тарта алмасаң да қастерлей біл» – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйін тамашалауға шақырамыз.
1 -жүрг: Қосжан Дана 9 «а» сыныптың топ басшысы. Кішкентайынан домбыра тартуға қабілетін байқаған әкесі Дананы А.Өміров атындағы саз мектебінің домбыра сыныбына береді. Сол мектепте өте жақсы оқып, үздік куәлікпен бітірген Дана шығармашылығын шыңдауда.
2-жүрг: Дананы қошеметпен сахнаға шақырамыз.
1-жүрг: Бейне экранға назар аударайық. Бүгінге кеште Есболды айтып кетпеу мүмкін емес. Мектебіміздің абройын қорғауға аудандық «Махамбет» оқуларына күй додасын қатынаспақшы Есболға жүлделі орын алуына тілектеспіз (Есболдың слайдын көрсету)

2-жүрг: Біздің мектеп сусындаған өлеңмен
Құр қол емес ақындық өнерден
Әрбір бала ақын жанды ерекше
Олай болса қарсы алыңыз көрермен
1-жүрг: Нұрқали Медет туа біткен талант иесі. Тума талантты тану, шығармашылығын шыңдау ұстаздың еңбегі. Жетекшісі:М.Аяғанова. Медетті бірнеше рет жас ақындар мүшайрасына қатынастыра отырып, жігерлендіре түсті.
2-жүрг: Ол аудандық суырып салма ақындар айтысына қатынасып Алғыс хатпен марапатталды. 2009 жылы Аудандық «Абай- Шәкәрім» оқуына шығармашылық бөлімі бойынша жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Медет көбіне патриоттық, махаббат лирикасында жырлайды. Ендеше Медетті сахнаға шақырамыз.

(Медет өз өлеңін айтып береді)
1-жүрг: Ал, Медет шатынды шыңдайтын кез келді. Бүгінгі кештің үстінде тамаша өлең жазуыңа кезек береміз.
2-жүрг: Қойшығали Бақыт мектебіміздің озат оқушыларының бірі. Жастайынан буындарын ерекше қозғалтып, музыка әуеніне ырғала билеген Бақыттың болашағынан зор үміт күтеміз. Бақыт үлкен сахналарда акробатикалық қимыл қозғалыс іс – әрекетерінің ұштастыра отырып, ерекше орындаған бимен көрерменді таң қалдырып жүр. Н.Тілендиевтың «Аққу» күйіне қойылған «Аққу» биін қабыл алыңыздар.
1-жүрг: Ыбырай, расында біздің мектепте көптеген дарынды оқушылар бар екен.
2-жүрг: Сонымен қатар спорттан да ерекшеліктері басым чемпиондарымыз бар.
1-жүрг: Алтын, қола медалдің жүлдегері,
Дзюдодан мектептің спорт шебері
Ерлан мен Нұржанды шақырайық
Тамашалап спортың бір шеруін.

Сахнада Сағидоллаев Нұржан, Құлжанов Ерлан қарсы алыңыздар.
(Палуандар өнерлерін көрсетеді)
2-жүрг: Келесі кезекте ерекше талантты иесімен таныс болыңыздар. 7 сынып оқушысы Жайлауқызы Тұмарханым әкесі мен анасын мақтан тұтады. Анасының суретшілігі, әкесінің мүсіншілік өнері қыздарына дарыған.
1 –жүр: Қазақ халқының көнерген қол өнер бұйымдарын өте шебер дайындап оқушыларға насихаттап жүрген Түмарханым шеберлер сайысында жүлдесіз қайтпаған. Ендеше Жайлауқызы Тұмарханымды қарсы алайық. Қолөнер шеберінің дайындаған бұйымдары тамашалауға сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүрг: Мың бұралып билейді ұл – қызымыз
Буындары майысқанда таң қалмаңыз
Татардың ұлттық биін билей тұғын
«Айданай» би тобын қарсы алыңыз
1-жүрг:
Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді
Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды
Әншіде бар бишіде ақын да бар
Қазақстан жастарымыз біз дарынды

2-жүрг: Саламатқызы Әсемгүл. Әсемгүл – ақ қағаздай таза бала, 1 сыныптан бері оқу озаты, сыныбының мақтанышы. Мектеп ішінде өтетін іс – шаралардың бәріне ат салысады. Мәнерлеп оқу аудандық олимпиадасына қатынасып 1 орынды иеленіп, облыстан 2 орын иегері. Әсемгүлдің бишілік қабілетінде бар. Би өнерімен сахна төрінде де көрермен көз айымына айналып жүр. Жасан Әсемгүл «Жігерлендіру»
2-жүрг: Райгүл сен қалай ойлайсың? Біздің мектепте тағыда қандай өнерлі оқушылар бар.
1-жүрг: Дарынды балаға тән бір ерекшелік – ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселерді айқын сөздермен, оны бір – бірінен шығатын етіп, табандылық көрсете білу.
2-жүрг: Осындай балалардың басын біріктіретін мектебімізде КТК клубы құрылып, клубта бірнеше топ өнер көрсетіп жүр. Соның ішінде жүзден жүйрік ойыншыларды осы сахнада сіздерге таныстыруды жөн көріп отырмын.

1-жүрг:
Жігіттер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар талантты дарытуға
Серілер жігерленіп шықты сахнаға
Сіздерді әзілмен таныстыруға.
Сахнада «Ұнамаса қарама» тобы
2-жүрг: Кезекті жұптық биге береміз. Мектебімізде өткен «Өнерпаздар-2009» фестивалінің жүлделі 1 орын иегерлері Данияр мен Ақбаянды қарсы алайық. Мырзашев Данияр мектептің белсенді оқушыларының бірі. Аудандық олимпиадаға физика пәнінен қатынасып жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
1-жүрг: Тасболатова Ақбаян мектебіміздің үлгілі оқушыларының бірі Ақбаян тек би өнерімен ғана шектеліп қоймайды. Білім алуға құштар. 1 сыныптан бері оқу озаты. Данияр мен Ақбаян «Айданай» би үйірмесінің бишілері. «Танго» биін тамашалаңыздар.

1-жүрг: Ақын Мағжан Жұмабаев «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге гүл бітіретін сақау өмірге үн бітіретін, жоқты бар қылатын барды гүлді, көрнекі қыла алатын, бізде арыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдестіретін – сол фантазия» демекші мектебіміздің үздік оқушыларының бірі Тілектесова Айдана қиялға беріле отырып, дайындаған авангард стилдегі сән үлгілерін тамашалаңыздар.
2-жүрг:
Ән – махаббат, ән – сағыныш,
Ән – жұбаныш, ән – қуаныш
Сырлы сазды әнімен
Тербетеді Алдаберген әнімен
1-жүрг:
Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Округ әкімінің ұйымдастырған мәдени шараларында белсене ат салысып әншілік қырымен көзге түсіп жүрген талант иесі. 10 сынып оқушысы Исатов Алдабергеннің орындауындағы «Сәукелелі қыз» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүрг: «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырыла отырған шоуымызды аяқтай келе бәсекеге қабілетті болашақтың дарынды тұлғасы ол кім?-, дейтін болсақ, ол: ақын, биші, суретші, дизайнер, мүсінші, әнші, актер және спорт шебері т.б талантты тұлғаларды айта аламыз.


Дарынды бала сахна мереке шоу

© Дереккөзі

To Top