Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ер есімі ел есінде

Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән – маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің
ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мақалдар, батырлар суреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім:
Құрметті ата – аналар, ұстаздар бүгінгі 1 «А»сыныбының «Ер есімі ел есінде» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сіздерді 9 – мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағатымыз да осы Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
– Балалар Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
– Қай жылы аяқталды?
– 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 68 жыл толып отыр.
Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20 – 25 млн – нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Осы соғысқа Қазақстаннан 1млн. 70мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, бірі хабар – ошарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Ендеше соғыс даласында хабар – ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер жүрек батыр ата – әжелерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

1 мин. үнсіздік
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің арамыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңені ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
Ендеше сол жылдарға көз жүгіртейік.

1941 жылы 22маусым күні, таңғы сағат 4 – те таң шапағы жаңа арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Гүлзира: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.

Аружан: Оқ борады күні – түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.

Альбина Т.: Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

Қарақат: Солдаттар жаралы
Майданнан оралды.
Ажал боп төнген жауына,
Даулды көктің қыраны.

Көрініс: «Ананың баласымен қоштасуы»
Анасы(Жансая):
– О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!
Баласы(Еркебұлан):
– Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам. Анам! Жан анам!
Қыз(Нұрайлым):
– О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар!
Қыз(Арайлым):
Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


9 мамыр жеңіс күніне арналған ер есімі ел есінде ұлы отан соғысы ардагерлерін еске алу кеш сценарийі

© Дереккөзі

Tags: 9 мамыр жеңіс күніне арналғанЕр есімі ел есіндеұлы отан соғысы ардагерлерін еске алу кеш сценарийі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021