Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жаса, жайна Қазақстан!

Жаса, жайна Қазақстан!
Мақсаты: Отанымыздың тарихын білуге, елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ең Бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім күшті, десе біреу, Отан дер ем!
/М. Мақатаев./
– Балалар, бүгінгі «Жаса, жайна Қазақстан!»атты кешімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастайық.
Хор. Әнұран.
– Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
Жауап: Қазақстан Республикасы – халықтың өзі басқаратын демократиялық, зайырлы, біртұтас президенттік басқару нысанындағы мемлекет.
Сұрақ: Еліміз тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?
Жауап: 1991жылдың 16желтоқсанда «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заңы шықты. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілеген аса қасиетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай өз бетінше өмір сүріп келеді.
Сұрақ: Жерінің аумағы қандай?
Жауап: Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрылықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігіне орналасқан ел. Жайық өзені Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Жерінің аумағы жөнінен ол дүниежүзінде 9 – орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады.
Сұрақ: Мемлекеттік тілі қандай?
Жауап: Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Сұрақ: ҚР Президенті кім?
Жауап: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н. Ә. Назарбаев.
Оның еліміз бен халқымыздың алдында сіңірген еңбегі орасан. Оның басшылығы кезінде халқымыз азаттық алып, егеменділікке, одан тәуелсіздікке қол жеткізді.

1 – оқушы: «Тұңғыш Президент.» /Т. Молдағалиев./
Шықты тарап ой данадан,
Бетқарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс тартты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін
Арқалаған ардағым ол.
Сұрақ: ҚР Мемлекеттік Рәміздерін атаңдар.
Жауап: ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне халқымыздың тұтастығын бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.

2 – оқушы: «Елтаңба». Т. Молдағалиев.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жал сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Қара шаңырақ – ел күні
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Жаса жайна Қазақстан тәрбие сағаты президент туралы елбасы туралы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік туралы

© Дереккөзі

Tags: елбасы туралыжайна ҚазақстанЖасаНұрсұлтан Назарбаевпрезидент туралытәрбие сағатыТәуелсіздік туралы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021