Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жеңіске жеткен ұлы күн

Тақырыбы: «Жеңіске жеткен ұлы күн»
Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен қазақстандықтардың ерлік істерімен,
ой – өрістерін дамыту. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, елі үшін
қиған ерлер өмірін дәріптеу.
Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.
Түрі: кездесу

Жүрісі: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жер бетін тып – типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарын зұлмат – екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы 22 маусымда басталды. Соғыс уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін ешқандай сынға берілмейтін азап. Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпейтіні белгілі. Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын Ұлы Отан соғысы екені әлемге аян. Ұлы Отан соғысы ондағы жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді. Ал енді бүгін 9 – мамыр күні бұл мейрамды бүгінгі майдангерлер – соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгілерін көрсеткендер, ал бүгінде бейбіт өмірге араласып жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлері тойлайды.

9 – мамыр фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғагдарды еске алу күні. Бұл күні жеңімпаздардың олардың балаларының немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады. Өздеріңіз байқап отырған боларсыздар бүгінгі біздің әңгімеміз Ұлы Жеңіс туралы болмақ. Олай болса, Ұлы Отан соғысы туралы мәліметке кезек берейік

1 – оқушы: Сәрсенова Жансая
1941 жылдың 22 – маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 72 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты.

Мұғалім: Жеңіс үшін өмірін жастық шағын қиған тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан – жылға, күннен – күнге азаюда, олардың тірі қалғандары арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай сұрапыл соғыста періштесі қолдап елімізге аман – есен оралған қариямыз соғыс ардагері Бейнеу ауылының тұрғыны Дүйсенғали Көшеров бүгін бізде қонақта

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Жеңіске жеткен ұлы күн 9 мамыр жеңіс күніне арналған соғыс ардагерлерімен кездесу кеш сценарийі

© Дереккөзі

Tags: 9 мамыр жеңіс күніне арналғанЖеңіске жеткен ұлы күнсоғыс ардагерлерімен кездесу кеш сценарийі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021