Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жол таптым бар халықтың жүрегіне

Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Жол таптым бар халықтың жүрегіне…»
Сабақтың мақсаты: Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту. Ақын жайлы естеліктерді еске түсіру, мәнерімен айтқызу.
Ақыл – ойын, жатқа айту, мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау.
Биік адамгершілікке, өмірді сүйе білуге баулу.

Жүргізуші:
І. Айта салған сөзім емес дәлелсіз –
Танығанға Сіз бір байтақ әлімсіз!
Жерді айналып Күндер, Түндер… тоқтаусыз
Өтіп жатыр, өтіп жатыр Сәбеңсіз.
Ойым әсем өрнектелмес мәнерсіз,
Қате дерсіз,
Бәлкім жөн – ау, Иә!- дерсіз.
Жиырма жеті жыл өтіпті – ау зымырап
Сәбең алар,
Сәбең берер сәлемсіз!
Ертіс, Есіл кетпесе де кері ағып,
Алыптарсыз кім не берді, нені алып?
Ғасырлардың қайраңында ең алып.
Көңіл шіркін кей – кейде өстіп бұзылар –
Тағдыр – тайғақ, жанды қырар сызы бар.
Тәубә дейміз ӨМІР атты айдында
Мұқановтың мыңды айдаған ізі бар!
Артығырақ кеттім бе деп мына мен
Орыстан да, қазақтан да… сұрап ем.
Бір кісідей кәрісі айтты, жасы айтты
Деген сөзді «Сәбең – тұтас бір Әлем!»
Шындық айтсақ жия тұрып ұятты –
Төбемізден Жұлдыздар ғой жиі ақты.
Шоқ Жұлдыздың бірі – Сәбит Мұқанов,
Ұлтымыздың баламасы сияқты.
Келді міне қос ғасырдың тоғысы,
Қазақ емес,
Емес тіпті орысы…
Шалғай жатқан бізден ата қонысы,
Мекен – тұрақ жайылымы, өрісі…
Талайлардың өкілі айтты –
Дегенді: «Сәбит – ойдың жүйрік бәйге – торысы!»- дей отыра Сәбит Мұқановтың 114 жылдығына орай «Жол таптым бар халықтың жүрегіне» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ. Өмірбаяны оқылады.

ІІІ. Өлеңдері:
1 – оқушы: Уа, Сәбе, аласармас асқар тауым,
Дұрыс қой, саған арнап сөз бастауым.
Бір өзің бір әлемдей алып Тұлға,
Өзіңнен үлгі алады өсер қауым.
Сен едің өнегесі мықтылықтың,
Бар ісің бастауы еді жақсылықтың.
Әділеттің ақ туын аспандатып,
Табыңды алып шықтың тапшылықтан.
Жасыңда білім іздеп аласұрдың,
Жиырмаңда ақ бандымен талас құрдың.
Бәйгеден озып келер сәйгүліктей,
Өзіңді өзің күреске жараттырдың.
Отызда ел билеп шығындадың,
Жазып бердің не түрін шығарманың.
Бойыңдағы дарының жұлқа тартып,
Түледі ойыңдағы бар арманың.
Нешеме биіктерді бағындырдың,
Айналаңа күн нұрын жағып жүрдің.
Достарыңа шипалы алақан боп,
Дұшпаныңды ізіңе табындырдың.
Айтуға шындықты да қорықпадың,
Есімде жапа көріп, торыққаның.
Арсыз топ арандатты пәле жауып,
«Құрттық,- деп Мұқановтың сорып қанын».
Алтынға тат тұрама жақсаңдағы,
Темірге балта өтпейді шапсаңдағы.
Ішінен жаққан оттың аман шығып,
Тағы да жақсы атағың аспандады.
Адам жоқ дәмі бітіп, өлмеййтұғын.
«аққан жұлдыз» секілді өзі жазған.
Сәбеңнің ізі қалды сөнбейтұғын.

2 – оқушы: О, тағдыр, сен төндірдің
Басыма тағы ауыр күн.
Естірттің өлімін өндірдің,
Қайғысы қатты бауырдың!…
Қанын неге торсыққа
Қара ниет құйды екен!…
Жолыққыр өміірі қырсыққа
Кһзі қалай қиды екен!…
Қайратпен қарсы алдым мен,
Қайғының бұл дауылын.
Түксиіп жауға қалдым мен,
Кегің кетпес, бауырым!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Сәбит Мұқанов тәрбие сағаты

© Дереккөзі

Tags: Сәбит Мұқановтәрбие сағаты

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021