Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Имандылық туралы

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушы бойына тазалық пен әдепті сіңіру, эстетика – этика, психология мен имандылық, сенім мен төзім арқылы бала зердесіне ғибрат ету;
2. Баланың бойында үнемі тазалық пен әдеп дағдыларын дамытып отыру;
3. Болашақ ұрпақты иманды етіп тәрбиелеу.
Әдісі: эвристикалық, проблемалық
Көрнекіліктер: таблица, суреттер
САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Психологиялық дайындық.
Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз
Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда мына жан – жағым. Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бір – бірімізбен амандасайық. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Рахмет.

ІІ. Оқушылар білімін жан – жақты тексеру.
– Ғибрат деген не?
Ата – баба салт дәстүрін үйрену. Ырым – тыйымдар меңгеру. Имандылықты үйрену.
– Иманды адам қандай мақсатқа жетеді?
1. Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды.
2. Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі. Ол өзінің ұстазын да, ата – анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы да болады.
3. Ондай пенде екіжүзді адам болмайды. Жалған сөйлеу және жалған ант екіжүзділіктің нәтижесі деуге болады.
4. Қоғамға, Отанға пайдалы, білімді бала боламыз.
5. Мұндай балалардан келешекте халыққа пайдалы адам шығады.
6. Осы айтылғандарды меңгерген бала ұлық болады, бірақ кішік. Мансапқор болмайды.

ІІІ. Оқушыны білімді, саналы меңгеруге дайындау.
Балалар алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек?
– Өзіме;
– Үй – ішіме;
– Туған – туыс, көршіме;
– Көшеге, туған ауылыма;
– Отаным Қазақстанға, яғни оның табиғатын қорғауға, шекарасын қорғауға;
Дұрыс – ақ. Олай болса, қолымыздағы 5 саусақты салалап көрелік.
1. Жан. 2. Тән. 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.

ІV. Жаңа сабақ. Бүгінгі біздің сабағымызда жан мен тәнге қажет тазалық және әдепке тоқталамыз.
ТАЗАЛЫҚ
Ішкі жан
Сыртқы тән
иман
әдеп (жақсылыққа тәрбиелеу) Әдепті бала болу үшін не істеу керек?
1. Тазалықты үйрену.
2. Иманды болу.
3. Қайырымды болу.

V. Сұрақ – жауап.
1. Тазалық деген не?
Тазалық дегеніміз адам өз денесін, киген киімін, жүрген жерін, отырған орнын таза ұстау. Иман деген не? Иман – сенім.
Неге сенеді?
1. Аллаға
2. Періштеге
3. Пайғамбарға
4. Құран – Кәрімге
5. Ақырет күннің бар екеніне
6. Өліп – тірілуге
7. Осының бәрі Алладан
Әдеп деген не?
Әдеп – деген тек жақсылыққа тәрбиелену.

VІ Ой шақыру.
Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма?
Имансыз деген дінсіз. Дінсіз деген өзіне – өзі сенбеген адамнан еш опа болмайды. Одан ұры да, қанішер жауыз да, адамға да, қоғамға да пайдасыз ұрпақ шығады.

Қорыту. Имандылық жолы, яғни имандылық тәрбиені тек діни қағидалар деп түсіну – қате. Ислам біздің тарихымызбен, наным – сенімімізбен, мәдениеттілік, әдебиет, ғылым, экономика, педагогика, дүние – танымдарымызбен тығыз бірлікте болады.
Исламдылық – жаманды ажырату, ойлаған мақсатын орындауды, ой – пиғыл тазалығымен болашаққа сену болып саналады.


Имандылық туралы тәрбие сағаты эстетика этика психология мен имандылық сенім мен төзім

© Дереккөзі

Tags: Имандылық туралы тәрбие сағатыпсихология мен имандылықсенім мен төзімэстетика этика

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021