Тәрбие сағаты
Кітап – рухани қазына | Тәрбие сағаты
жарияланды:
Сынып : 2 | Күні: 18.11.2019 | Қатысқан оқушы саны: 18 | Қатыспаған оқушы саны: |
Сабақ тақырыбы: | Кітап – рухани қазына | ||
Сабақ мақсаттары: | 1. Кітаптың таусылмас қазына,әрі білімнің көзі екенін түсіндіру,адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру | ||
Күтілетін нәтиже | 1.сыни ойлаулары белсенді дамиды,өз ойларын толық,нақты айта білуге,өз көзқарастарын айтуға үйренеді. 2.Кітапты көп оқуға,өз беттерімен ізденуге өз пікірін айта білуге және кітап оқуға қызығушылықтары артады. |
||
Тілдік мақсат: | Кітап – книга – book | ||
Қолданылатын ресурустар | Интерактивті тақта, бейнежазба,топ ережесі,түрлі – түсті қаламдар, қағаздар | ||
Сабақтың өту барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Тыңдаушының іс-әрекеті | |
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) | – Балалар бүгін бізде ерекше сабақ,сондықтан барлығыңызды ортаға шақырамын. Кітапта алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін – деп аталарымыз жырлағандай , тәтті алманың орнын басар , мынадай әдемі кітаптарды ұсынып, сіздерді топқа бөлемін. |
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады | |
Топқа бөлу (5 мин) | 3 түрлі кітапшалар арқылы бөлу | 3 топқа бөлініп отырады | |
Сабақ жоспармен таныстыру |
І.Кіріспе ІІ.»Кітаппен кеңес,білімдімен теңес» топтық сайыс |
||
Ми шабуылы (10 мин) |
Видое көрсету,кітап қалай жасалады? Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер Кітап дегеніміз не? Кітап қалай жасалады? Кітап туралы тағы біраз мәлімет алдық,келесі кезекте кітаптан алған білімімізді көрсетейік |
Оқушылар өз ойларын түйіндейді | |
Топпен жұмыс Сабақ соңы: |
.»Кітаппен кеңес,білімдімен теңес» топтық сайыс 1.»Кітап- ақылшы дос» шығармашылық жұмыс 2.»Мақал сөздің мәйегі» кітап туралы мақал айту 3.Көркем сөз 4.Төрт сурет бір сөз 5.Мен оқыған кітаптар тізбесін дайындау( постер қорғау) 1. «Еркін жазу» әдісі арқылы «Кітап- ақылшы дос» шығармашылық жұмыс Дескриптор: – Мәтін құрай алады -Сөйлемдер байланысын ажыратады – өз бетінше оқи алады ҚБ: Ауызша мадақтаулар 2. «Ұшақ әдісі «»Мақал сөздің мәйегі» кітап туралы мақал айту Дескриптор: – тақырыпқа сай жинақтайды – мағынасын түсінеді ҚБ: » Үш шапалақ» әдісі 3. «Дауыстап айту» әдісі Көркем сөз Дескриптор: – өлең жолын жатқа айтады – мәнерлеп айтады ҚБ: «Күлегеш» әдісі арқылы 4.»Бір минуттық әңгіме»әдісі «Төрт сурет бір сөз» Дескриптор: – суреттер арқылы сөз құрайды – ортақ тақырып таба алады ҚБ: » Жарайсың», «Керемет қатыстың» 5. «Кластер» әдісі «Мен оқыған кітаптар» оқыған кітаптар тізбесін жасау ҚБ: «Жұдырық -алақан» әдісі Қорытынды: «Ашық микрафон» әдісі 1.Сабақтан қандай әсер алдыңыздар? 2.Сабақта өзіңе не ұнады? |
Сайыс бөлімдерімен танысады Үй тапсырмасы бойынша еркін түрде шығармашылық жұмыс түрін көрсетеді Кітап туралы мақал – мәтелдер айтады Кітап туралы өлең жолдарын жатқа айтады Берілген тапсырманы орындайды (суреттерге ортақ тақырып табады) Өздерінің оқыған кітаптарының тізбесін жасайды |
Кітап – рухани қазына тәрбие сағаты кітап туралы тәрбие сағаты
© Дереккөзі
