Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Күз ханзадасы мен ханшайымы | Тәрбие сағаты

Күз ханзадасы мен ханшайымы
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіріп, жемістер мен көкөністердің пайдасын түсіндіру, тақпақ, жұмбақ айтып байланыстырып сөйлеу әдістерін үйрету.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған плакаттар, балалардың басына киген атрибуттар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін біздің №31 «Күншуақ» балабақшасының «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық! – дей келе алдарыңызға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді шақырайық:
1 — номерде: Ізтілеу Раушан – Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы
2 — номерде: Абдолла Жангүл – Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы
3 – номерде: Орнова Зағипа – Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы
4 – номерде: Садуақасова Еркеназ – Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы
5 – номерде: Мұхит Айым – Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы

Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер енді осы сайыскерлерімізді сараптайтын сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Тажиданова А. А
2. Балабақша әдіскері: Ямалетдинова Ж. Ю
3. Балабақша логопеды: Ғалия Утеуліқызы
4. Ата – аналар комитетінің төрайымы ————–
Сайыскерлерге шарттарымызбен таныстырып өтейін:
1шарт «Менің ата – тегім» Таныстыру
2шарт «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерлерін көрсету еркін тақырыпта
3 шарт «Күзгі натюрморт» Көкөніс пен жемістерден салат жасап әкелу, салаттын жасалу жолдарын түсіндіру.
4 шарт: «Сән үлгісі» Өз фантазиясы бойынша еркін тақырыпта сән үлгісін дайындау
5 шарт: «Көрме» Үй тапсырмасы ата – анамен бірлесе күз мезгіліне арналан көрме
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымызды.
1 -— номерде: Ізтілеу Раушан – Қапқанов Дильнар «Шағала» ересек тобы
2 — номерде: Абдолла Жангүл – Ералдин Досхан «Балдәурен» ортаңғы тобы
3 – номерде: Орнова Зағипа – Сейтмағанбетов Абылай «Еркетай» ерсек тобы
4 – номерде: Садуақасова Еркеназ – Серік Даулет «Достық» ортаңғы тобы
5 – номерде: Мұхит Айым – Қуаныш Бекнұр «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы

Жүрг: Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Ендігі кеэекте ортаңғы топтың қыздарын «Қолшатыр» биімен ортаға шақырайық
Өнер жаста жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі – бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән, биді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін – деп сайысымыздың екінші шарты бойынша сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
Күз ханзадасы мен ханшайымы. жүктеу


Күз ханзадасы мен ханшайымы күз мезгілі жемістер мен көкөністердің пайдасы тақпақтар күз сценарий

© Дереккөзі

Tags: жемістер мен көкөністердің пайдасыКүз мезгілікүз сценарийКүз ханзадасы мен ханшайымытақпақтар

Related Posts

Тәрбие сағаты

Менің болашақ мамандығым

Тәрбие сағаты

Ұстаз – ұлы тұлға

Тәрбие сағаты

Қанағат – асыл қасиет

Тәрбие сағаты

Отбасым – алтын діңгегім!

Тәрбие сағаты

«Сағынам» атты Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған ән кеш

Тәрбие сағаты

Ұлы Жеңіске – 70 жыл!

Тәрбие сағаты

Біз Жеңіс мұрагерлеріміз

Тәрбие сағаты

Абай шығармашылығы: табиғат лирикасы

Тәрбие сағаты

Ұлы Жеңіс!

Тәрбие сағаты

Қазақстан татулық пен бірліктің Отаны

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021