Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Менің отбасым

Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата – ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Үлкенге де, сіз
Кішіге де сіз.
Ата – ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Ән ұран:
Армысыз, мейірімді Жер – Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
– Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.
– Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі…
Мұғалім: – Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
– Балам, мынау ненің даусы? – деп сұрайды.
– Ол құстың даусы, – деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
– Ол – құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, нег сұрай бересің – деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
– Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің «Анау не Мынау не « деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін»
Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. «Әке – асқар тау» дейді халқымыз.
Ата және әже туралы тақпақ:
Сандуғаш: Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын,
Шақырса даладан.
Жүгіріп барамын.
Шахислам: Атам айтса «Ұлым» деп
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім» деп.
Хор: Анажаным
Ендігі кезекті ата – ана туралы тақпаққа береміз:
Әсел: Кім сендерді балалар үйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре тұғын.

Нұрдаулет: Кім сендерді балалар тербететін
Еркелетіп, ойнатып сергітетін,
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын, көлдететін.

Дина: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін.

Мейірбек: Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше.
Сендер қайтып келгенде Адам болып,
Еш арманым болмас дер өле – өлгенше.

Хор: Әже туралы

Отбасы туралы мақал – мәтелдер.
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
«Сіз»- «Біз» деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Балам – балам
Баланың баласы жаным.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
Мұғалім: Балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырам. Шешуін кім тез табады екен.
Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті екен. «Политция»
Арқан байлап беліне, Шымырлықпен бекіне.
Өрмелейтін қай өрең, Шыңның шырқау шегіне. « Альпенист»
Өнеге тән жаратқан, Көкірегі кең аспан,
Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан. «Бейнегер»
Ол жетсе ауылға, Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашып тұрады. «Электірші»

Оқушылар шеңбер құрады: Хор
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық!
Білу керек: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз.
Істей білу керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
«- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?»
Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.
Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.
Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі – ана.
Ана туралы мақал – мәтел айту.
Мұғалім: «Ана – сая бағың,
Әке – асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі – әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Қорытынды.
Жанұяның қуанышы – бала. Ал жанұяның бәйтерегі – ата, әже, әке, ана. Бала – одан тәлім – тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.


Менің отбасым отбасындағы сыйластық адамгершілік инабаттылық

© Дереккөзі

Tags: адамгершілікинабаттылықменің отбасымотбасындағы сыйластық

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021