Connect with us

Бәрі туралы

google aikyn 1200 3

Тәрбие сағаты

«Нан дастарханға қалай келеді?» | Тәрбие сағаты

«Нан дастарханға қалай келеді?» | Тәрбие сағаты

(Бастауыш сыныптары декадасында өткізілген)
Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл – ой белсенділігін арттыру. нақыл сөз, мақал – мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Көрнекі құралдар: Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пәнаралық байланыс:  тіл дамыту,  бейнелеу,  сауат ашу,  математика
Сабақ барысы:  Ұйымдастыру.
1. Амандасу
2. Сұрақ-жауап.
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
– Көктемде қандай өзгерістер болады?
3. Міне, біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нан қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
4. – Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, жерге мынадай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
– Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суарып, күтіп – баптайды. (дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
– Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар  орып,  машиналарға салып береді. (комбайн сөзіне тоқталып кету)
– Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады. (элеватор сөзіне тоқталу)
– Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады. (диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
– Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
– Міне, балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.
5.Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
6.Сергіту сәтті
Жайқалады ақ бидай
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн
Жүргізуге мен дайын
7.Дидактикалық ойын: (тақтамен жұмыс)  «Дұрыс орналастыр»
Ойынның шарты: Ұн, тоқаш, нан суреттері беріледі.
8. Айналамен таныстыру әліппе – дәптерінен берілген тапсырманы орындау. Балаларға бидайдың суретін салғызу.
Жұмбақ жасыру:
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар.         (бидай)
Бидай – пшеница.
Нан – хлеб;
9. Мақал – мәтелдер
1.    Нан-тамақтың атасы
2.Ас – атасы нан
3Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
4    Дастархан көркі –  нан
5    Дастарханында нан жоқтың, Тамағының дәмі жоқ
10. Тыйым сөздер:
Нанды аяқ астына тастама.
«Жерде жатқан нанды еңкейіп ал.
Дәнді шашпа, нанды баспа.
Нан – Қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды
11. Дидактикалық ойын: «Тез ойла» (Мамандық түрлері атау.)

1. Жерді жыртады.
Трактор
2. Егілген дәндерді суарып, күтіп-баптайды.
Диқаншы
3. Бидайды орады, бастырады.
Комбайншылар
4. Бидайды жылдап сақтайтын жер .
элеватор
5. Бидайдан ұн жасайтын адам.
Диірменші
6  Нан пісіреді.
Наубайшы
7. Ыстық нан қайда түседі .
дүкенге
8. Анамыз ұннан не пісіреді?
Бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш

12.Сергіту сәтті
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
13. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
– Балалар біз есімізге түсірейікші ақ бауырсақ, тәтті тоқаш, батондар біздің дастарханға келу үшін қандай жолдардан өтеді екен?
– Сол үшін қаншама адам жұмыс істеп, тер төкті, қане есімізге түсіріп атап кетейікші
Тракторшылар, комбайншылар, наубайшы, дүкеншілер
– Сондықтан қаншама адам күні – түні еңбек етіп, тер төккен қасиетті нанды біз қадірлеуіміз, қасиеттеуіміз керек

«Нан дастарханға қалай келеді?» нан туралы түсінік беру балабақшаға арналған сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top