Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Нағыз қазақ – домбыра

Тақырыбы: НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА!
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта – ықыласын арттыру.
Көрнекілігі: Сахнаның ортасында символдық «аққу – домбыра»;
Домбыра және қазақ өнері туралы өнер зерттеушілерінің нақыл сөздері; «Домбыра – дастан» атты тарихи – этнографиялық мәліметтер топтастырылған стенд.

Жоспары:
1 – бөлім «Домбыра туралы аңыз» сахналық көрініс.
2 – бөлім «Домбыра – дастан» домбыраның сыр – сипаты туралы.
3 – бөлім «Әнім де сен, жырым да сен – домбыра»

Өтілу барысы:
Жүргізуші
Ертеде бай кедейді,
Адам екен демейді.
Күйші бопты бір кедей,
Сол кезде аққу көмейлі.
Тебіренсе күй тартып,
Тыңдапты жұрт тамсанып.
Халқы қатты тамсанды,
Ханнан бетер қарсы алып.
Байлар оны жек көріп,
Жүреді екен кектеніп.
Қорыққаннан сыйлапты,
Қымыз беріп, ет беріп.
Қолға бір күн түсірді,
Ол да өнерін түсінді.
Өлмесін деп күйлерін,
Аққу қылып ұшырды. (10 – сынып қыздарының орындауындағы «Аққу» биімен сахна ашылады.)

1 – жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге,
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Аққудың әуеніндей үнің бар – ау,
Сарыарқа самалындай ескен баяу.
Бөбектей бесігінде маужыраған
Тыңдаймын мен отырып ұйқылы – ояу.

2 – жүргізуші: Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі – домбыра. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы – қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра – жазу – сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра – ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп. Солардың бірін тамашалаңыздар. («Домбыра туралы аңыз» сахналық көрініс)

1 – жүргізуші: Домбырам жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.

2 – жүргізуші: Домбыра түсінгенге мұң айтады,
Жаныңа жайлы тиер сыр айтады.
Жүректе қайғы менен наза болса,
Данадай демеу болған тыңайтады.

1 – жүргізуші: Домбыра шешен болса саңқылдайды,
Көсіліп бәйге атындай аңқылдайды.
Кездессең бабы тайған қу ағашқа,
Көңілің су сепкендей жартылайды,- деп ақын ағамыз жырлағандай домбыраның да үлкен бір дастанға өзек боларлық сыр – сипаты бар. Олай болса, келесі кезекті «Домбыра – дастан» айдарымен ізденіп келген оқушыларға берейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Тәрбиелік шара сценарийі нағыз қазақ домбыра музыкалық аспаптар туралы

© Дереккөзі

Tags: музыкалық аспаптар туралынағыз қазақ домбыратәрбиелік шара сценарийі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021