Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Озық ойлы тапқырлар сайысы

Тақырыбы: «Озық ойлы тапқырлар» сайысы
Мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
2. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Әдісі: Ойын түрінде.

Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Капитандар сайысы.
4. Қасиетті сандар сайысы.
5. Суретшілер сайысы.
6. Біліктілік сайысы.(есептер шығару)
7. Ән сайысы.

Барысы:
1 – жүргізуші:
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауымым!
Аңсайсыздар ма, жаздың жемісін, қарбыз – қауынын?
Ол күнге жету, сірә, жолдастар ерте емес пе?
Ойын – жарыспен өткізейік біз қыстың аязын!

2 – жүргізуші:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты текте – текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық.
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қамықпай көңілді болып тарайық!

1 – жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызда «Озық ойлы тапқырлар» сайысына қош келіпсіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Шеңбер», «Трапеция» топтарын ортаға шақырамыз.
2 – жүргізуші:
Басталық ақыл – ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе.
1 – жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма
Талабың бар бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда.
2 – жүргізуші:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, – дей отырып, сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1 – жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі.
1 – топ: 5а сынып, «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп, тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
2 – жүргізуші: Кезекте 5б сынып, «Квадрат» тобы
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
«Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем.
1 – жүргізуші: Кезекте 6а сынып, «Шеңбер» тобы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Математикадан сайыс сабақ озық ойлы тапқырлар сайысы

© Дереккөзі

Tags: Математикадан сайыс сабақозық ойлы тапқырлар сайысы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021