Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Отбасы – тәрбиенің ұясы

«Отбасы – тәрбиенің ұясы»
Мақсаты: Бала тәрбиесінің алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана баланың басты ұстазы екенін түсіндіру;
ә) Оқушылардың сана – сезімін дамыту, ата – ана мен баланың өзара түсіністіктерін арттыру, ата – ана, ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланысты қалыптастыру;
б) Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата – анасын қадірлей, құрметтей білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, мақал – мәтелдер, интерактивті тақта.

Барысы:
1 жүргізуші: Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Баланың бас ұстазы – ата – ана. Ұлтымызда « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата – анасы да қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.

2 жүргізуші: Ата – ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп оларды бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешкім жоқ. Ал енді «Отбасы – тәрбиенің ұясы» атты тәрбие сағатымызда бастаймыз.
1 жүргізуші: осынау іс – шараға келіпсіздер жиылып,
Сәлем бердік сіздерге біз де міне.
Ұлың өсіп келеді, ата – ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.

2 жүргізуші: Қыз бой жетіп келеді шуақ шашып әр үйге
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне.
Ата – ананың жүрегі «бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.

Өмірбек: Мұзафар Әлімбаев. «Ата – ана үміті»
Қипақтайда қит етсе анаң, әкең:
Қайтсем ғана осыны адам етсем?
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойым емес, оллаһи, біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен.
Туа сала тұлпардың жалын тартқан
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе – ау,
Болмаса да топжарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата – ананың үміті талады екен.

1 жүргізуші: Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, қайтсем де баламды адам етем деген ата – ананың үміті, арманы баласымен бірге орындалады.
2 жүргізуші: Бүгінгі сабағымызда бала тәрбиесіндегі ата – ананың, отбасының орны жайында ой бөлісеміз
1 жүргізуші: Тәрбие баламен әңгімелесумен, сөйлесумен, оған ақыл – кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсету. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат – мүддесімен байланысты болу керек. Ендеше ата – аналарға сұрақтар беру арқылы ойларын тыңдап көрейік.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қызыққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп ойлайсыз?
2. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті ойлайсыз?
3. Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін не қажет деп ойлайсыз?
4. Бақытыңды балаңнан ізде деген сөздің мағынасы қалай түсінесіз?
(Ата – аналар пікірлері тыңдалады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ашық тәрбие сағаты отбасы туралы ата ана отбасының негізгі діңгег

© Дереккөзі

Tags: ата ана отбасының негізгі діңгегашық тәрбие сағатыОтбасы туралы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021