Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Педагогикалық шеберхана түрінде өткізілген ата – аналар жиналысы

Педагогикалық шеберхана түрінде өткізілген ата – аналар жиналысы
Мақсаты: Ата – аналарды бір – бірімен жақын таныстыру; ата – аналардың мектепке деген көзқарасын анықтау.
Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер,, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата – ана сыныпқа кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады.

Мұғалім: Сәлематсыздар ма, ата – аналар! Үш ай бойы дем алып, бүгін барлығыңызды аман – есен көргеніме қуанып отырмын. Бүгінгі алғашқы жиналысымызды педагогикалық шеберхана түрінде өткізбекпін. Педагогикалық шеберхана – бұл ата – ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі. Ендеше бүгін бәріміз бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз. Алдымен таңдаған фигураларың бойынша мінездемелерін оқиын:

Шаршы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.

Үшбұрыш – өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.

Шеңбер – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым – қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.

Ирек – шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса, оның алдында жаңа идеялар, жаңа жобалар дайын тұрады.
ІІ. Жиналыстың мақсатымен таныстыру,
Мұғалім: Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?». Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе – ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып: «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата – ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты да сол – бір – бірімізбен жақын танысу.

ІІІ. Амандасу
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.

ІҮ. «Танысайық, бұл біз!» (сынып оқушыларының өздерін таныстыру презентациясы)

Ү. «Суретшілер»
Қазір алдарыңыздағы ақ қағазға бір ортақ сурет саласыздар, тақырыпты өздерің таңдаңыздар. Ескерту: суретті барлық ата – ана салу қажет. бұл сурет балдарыңызға сыйлық ретінде тарту етемін.
Мұғалім: рахмет, сіздерге. Барлығыңыз бірлесе отырып ортақ жұмысты өте мұқият орындадыңыздар. Әрдайым да осы қалыпта жұмыс жасайық дегім келеді.

VI. Ассоциация жазу.
Қазір сіздер ақ қағаз бетіне «Мектеп» деген сөзге 5 ассоциация жазуларыңыз керек. Бұл топтық жұмыс, сондықтан да әр топ мүшелері бірлесе отырып жазасыздар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ата аналар жиналысы тәрбиелік шара жоспары педагогикалық шеберхана

© Дереккөзі

Tags: ата аналар жиналысыпедагогикалық шеберханатәрбиелік шара жоспары

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021