Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші | Тәрбие сағаты

Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші

1ж: қайырлы кеш ардақты ата – аналар, қадырлы қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.
2Ж: Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
1Ж: түлек ұшып түлектер,
Өмірге қанат қақпақшы
Дүрсілдеп соғып жүректер,
Жарылып гүлін ашпақшы – дей отырып бүгінгі мерекенің иелері 2014 – 2015 оқу жылының жас түлектерін ортаға шақырамыз.
2Ж: Күлімхан
Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішіп жүрген өздеріңізге таныс әдебиет танушы, журналист, редактор, «Мұратхан әдебиеттану» орталығының орынбасары —————- ортаға шақырамыз.

Гүлдаурен
Шемішкеше шешеді матемді
Қазақ тілінен біледі – са, – сеңді
Руский диктант алып бар, түзетіп береді қатеңді. Деп сыныптасымыз————— ортаға шақырамыз.

1Ж: Назарбай
Жүретін всегда қалада,
өзі тойда тамада,
бүгінігінің ақан сері, Біржаны,
бағаласаң Назарбайды Бағала..
сыныптасымыз —————- шақырамын ортаға.

Сайран
Талабы ба ары асатын асқардан,
Мінезі ашық баршамызбен дос болған.
Сайран деген бастығымыз келеді,
Биылғы жыл 11 а – ны басқарған.

2Ж: Қуаныш
Менделевтың 108 елементін,
Жаттап алып көрсеткен кереметін.
Қуаныштай химик алдарыңда,
Доп көрсе қуып алып жөнелетін. Спортшы, химиг сыныптасымыз Қуаныш.

Сая
Жалғандыққа ешқандай көне алмайды,
Өтірік мақтанудан алаңдайды,
Салихалы, сабырлы біздің Сая,
Қой аузынан ешқашан шөп алмайды.
Алса да аздап алад көп алмайды.

1Ж: Мөлдір
Өнерімен бата алған сүйікті елден,
Таланты бар бойында жиып терген.
Болашақ актриса Мөлдіріміз,
Крінет деп сенеміз биіктерден. Әнші, биші, актриса сыныптасымыз Қуан Мөлдірді қарсы алайық

Сиқуат
Қиынынан өмірдің жасымастан,
Болашағын ойлаған осы бастан.
Оператор Сиқуат келді ортаға,
Біздерден бірінші боп кәсіп ашқан.
Жігіт емес ешқашан ол тұрақсыз,
Енді ешбір той өтпейді Сиқуатсыз.

2Ж: Ажар
Ажар десе ажарлы,
Ұшқын атқан жанарлы.
Болашақ мықты физик,
Шақырамын ажарды.

Талғатбек
Білім қайда үйренбей, өрістемей,
Білу қайда әр нені көп істемей.
Талғатбек компьютерді жақсы үйренген,
Программаңды шағады шемішкедей.

1Ж: Айсара
Тон пішкен үлгі көріп анасынан,
Көркі бар қызыл гүлдей дара тұрған.
Айсара білім нәрін жинаған қыз,
Алтай мен Атыраудың арасынан.

Жасұлан
Тілді үйренген жасынан,
Білімі судай тасыған,
Қарсы аламыз біз сізді,
Hello, hello Жасұлан.

2Ж: Минар
Бойында өнер би бар – ды,
Биімен талай сыйды алды.
Биологтардың бишісі,
Шақырайық Минарды.

Наурызбек
Бай өлкенің ойынан тау – тасынан,
ақын деген ара ғой бал тасыған.
Шырын құяд Наурызбек жүректерге
Шымшып алып гүлдердің арқасынан, ақын, әнші, сазгер, артист, тракторист Бақыт Наурызбекті қарсы алыңызар.

1Ж: Тоқтауберді
Мінезі бар салмақты,
Өнері бар жан – жақты.
Дәрігер болар ертең ол,
Биологияны таңдапты.

Нұржан
Өмір мәнін білетін,
Табар істің ретін.
Нұржан деген бұл жігіт,
Тыныш өмір сүретін.
Көп сөйлеуді ұнатпай,
Жымпиып ғана жүретін.

2Ж: Санжар
Ашық – жарқын, жайдары көңілі бар,
Тек шаттықтан тұратын өмірі бар.
Санжардай сері жігіт келді ортаға,
Жас болса да көп істің жөнін ұғар.

1. Ж: Құбыл сонымен барлық түлектерімізді шақырып болдық – ау деймін?
2. Ж: сонда бағанадан сарнаған, сөзден жағы талмаған, бітіруші достарға ақ тілегін арнаған сен екеуімізді кі шақырады?
1. ж: оалай болса сені мен шақырайын, мені сен шақыр. Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектебіміздің ақыны…..
2Ж: жо – жоқ тоқта. Мен де басқа сыныптастарым сияқты салтанатпен шыққым келеді. Мен ана жаққа барам сен қайтадан тақпақтап шақыр.
1. Ж:
Таспасын сан өнердің қатар өріп,
Ілескен жыр көшіне бота болып,
Ақын қызы мектептің алдарыңда,
Шапалақ соғыңыздар бата беріп.
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші. жүктеу


Мектеп бітіру кеші жас түлек түлектердің қоштасу кеші сценарий сәт сапар ақ жол жас түлек

© Дереккөзі

Tags: жас түлекМектеп бітіру кешісәт сапар ақ жол жас түлектүлектердің қоштасу кеші сценарий

Related Posts

Тәрбие сағаты

Жаңа жылдық тосын сый

Тәрбие сағаты

Сценарий конкурса: «Бал-маскарад» (8-11 классы)

Тәрбие сағаты

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып

Тәрбие сағаты

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Тәрбие сағаты

Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі

Тәрбие сағаты

Атадан қалған асыл сөз

Тәрбие сағаты

Достық – ұлы ұғым

Тәрбие сағаты

Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын

Тәрбие сағаты

Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!

Тәрбие сағаты

Халық дәстүрі – асыл қазына

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021