Тақырыбы: Халқымыздың төрт түлігі (слайд)
Төрт түлік туралы
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас – ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат – жұратымен жасайтын алыс – берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін – бірі танысын – танымасын, кездесе қалған қазақ «мал – жан аман ба?» деп амандық – саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып – күтудің де жай – жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.
Мал атасы
Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі – Сексеката,
Түйе атасы – Ойсылқара,
Сиыр иесі – Зеңгібаба.
Төлді қалай шақырады?
Қойдың төлі қошақан: Пұшайт, пұшайт!
Ешкі төлі лақ: Шөре, шөре!
Жылқы төлі құлын: Құрау, құрау!
Сиыр төлі бұзау: Аухау, аухау!
Түйе төлі бота: Көс, көс
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Халқымыздың төрт түлігі ашық сабақ слайдымен бастауыш сыныптарына арналған үй жануарлары
© Дереккөзі