Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі

«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі.
Балалар залға көңілді ән – күймен, ұлдар кіреді содан кейін қыздар кіредіқыздар.
Жүргізуші: Құрметті қауым!
Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Күн мен айға әлемнің.
Берем ыстық сәлемін,
Қарттарыма сүйсеніп.
Сәлем берем иіліп!
Қымбатты ата – аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды.
Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.
Наурыз – жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні.
Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.
Тойдың көркі ән дейді халқымыз
Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Ән: «Наурыз»

Тақпақтар:
Алия:
Наурыз тойы – елдің тойы.
Көктем тойы – төлдің тойы.
Әжеме еріп наурызда.
Араладым туыстарды да.

Әділ:
Жасасын деп ұлыстың Наурыз!
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп шығып,
Барлық үйден дәм татамыз!

Адилия:
Наурыз келді тойға ұласқан!
Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс тасып берекелі
Өмір сүрсін бақытты елім!
Музыка залға бір бала атқа мініп шауып келген «Сүйенші, сүйенші» Сара апамның ауылында»Тұсау кесу» тойы басталды. Келіңіздер! Көрініздер! қуанышқа ортақ болыңыздар – деп жар салады.

Тәрбиеші: Міне ботам, сүйіншіңді ала ғой деп оған ырымын беремін. Ал балалар ендеше Сара апамның ауылына тойға барайық.
Сара апамның ауылына келдік:
Ақ әже: Сәлеметсіздер ме ботақандарым Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Міне наурыз мейраммен менің немеремнің тұсау кесу тойда бірге келіп қалды!
Кіріңдер, төрлетіңіздер, жоғары шығындар.
Жүргізуші: Әже біздің балалар наурыз мейрамына тақпақтар дайындап жаттап келген.
Тақпақтар:
Асыл:
Шаттығымыз – жырымыз.
Жаңа наурыз – жылымыз
Ақ тілеумен осындай.
Бақ боп үйге кіріңіз.
Иса:
Арпа, бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден.
Бұл тойдағы бас тағам!

Әже: Баян немеремнің тұсау кесердің алдында балалар қандай тілек айтар екен.
Балалар: Бақытты болсын!
Дені сау болсын! Роза Рымбаевадай әнші болсын!
Әже: Рахмет қарлығаштарым!
Енді тұсау кесу рәсімімізді бастайық.
Не үшін ала жіппен тұсау кеседі – деп ойлап отырсыңдар ғой.
Болашақта Баян ешкімнің ала жібін аттамасын деген тілек қой!
Қаз қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін.
Тұсауыңды кесейін.
Әже біздің балалар Баян немеріңізге арнап ән дайындады.
Ән: «Айналайын – ай, балапаным – ай»
Әже: Ой құлындарым, ботақандарым қандай жақсы ән айттыңдар, рахмет сендерге көп жасаңдар.
Музыка залға Тазша бала келеді.
Сәлеметсіздер ме. Мен Тазша баламын осы ауылда той болып жатқан естіп мен де келіп қалдым. Мен өзімен бірге ойындар әкелдім. Қандай наурыз мейрам ойынсыз өтеді. Сондықтанда қазір біз ойын ойнаймыз.

Ойын: «Арқан тартау», «асық».
Тақпақтар: Бауыржан, Аделя, Алихан.
Ән: «Туған жер»
Әже: Батасын береді.
Құрметті ата – аналар, балалар мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай – бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Өткізген: Досатова К. Д.

«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі. жүктеу


Наурыз келді ертеңгілігі қош келдің наурыз ұлыстың ұлы күні

© Дереккөзі

Tags: қош келдің наурызНаурыз келді ертеңгілігіұлыстың ұлы күні

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021