Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қош бол, Бастауыш!

Тақырыбы: «Қош бол, Бастауыш!»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, сәт – сапар тілеу,
3. Білім берген ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
І жүргізуші: – Армысыздар, ардақты ата – аналар, құрметті ұстаздар!
ІІ жүргізуші: – Қайырлы күн, қадірменді ата – аналар!

І жүргізуші:
– Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға!

ІІ жүргізуші:
– Қош бол, құтты бастауышым
Алғыстарым көп менің
Ақыл – білім тәрбиең
Ой – санама еккенің.

І жүргізуші:
Бүгінгі «Қош бол, бастауышым!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:- Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 – қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкене балғын бүлдіршін бұл күнде қандай болды екен?

І жүргізуші:- Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырығын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!

ІІ жүргізуші:- Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен, бүгінгі бастауыш сынып бітірушілерді сынып жетекшілерімен ортаға шақырамыз!
І жүргізуші: 4 «А» сыныбы сынып жетекшісі: ————–
ІІ жүргізуші: 4 «Б» сыныбы сынып жетекшісі: ————–
І жүргізуші: – Бүгінгі «Қош бол, бастауышым!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Гимн орындалады.
ІІ жүргізуші:
– Көктем келіп, көк бүршігі тұр көктеп
Көк бұлақтар таудан құлап дірдектеп.
Тау тұлғалы, көктем нұрлы ұл – қызды,
Тәрбиелеп шығарады бұл мектеп! – дей келе, мерекемен құттықтау сөз мектеп директоры —————————————– беріледі.

Оқушы: 4А
Армысың мектебім, алтын ордам,
Жарқырар ұлы – ғылым, үміт алдан.
Жалғасқан тарих үні бүгінгідей,
Армысың киелі ордам білімдегі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Бастауышпен қоштасу сценарийі қош бол бастауыш сыныбым

© Дереккөзі

Tags: бастауыш сыныбымБастауышпен қоштасу сценарийіқош бол

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021