Қош бол, әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, өнерлерін тамашалау, мәдениеттілікке тәрбиелеу, қабілеттерін дамыту.
Дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын тереңдету, өзін – өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктері: А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин суреттері, шарлар, гүлдер, даналық сөздер, әліппе суреті, әріптер, буындар.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мұғалім: Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Әліппе кітап тіл ашқан.
– Құрметті ата – аналар, ұстаздар! Бүгін, сіздер 1ә – сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы әліппемен қоштасуға арналған мерекеге келіп отырсыздар. Мерекемізге қош келдіңіздер! Енді сіздерді оқушыларымның өнерлерін тамашалауға шақырамын!
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Ұстаздар мен оқушылар! «Қош бол, әліппем»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Жанерке.
– Иә, ең алғаш әріп танытып, оқуды үйреткен сүйікті әліппемізбен қоштасар кезде келіп қалды.
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Жанерке, менің ойымша әліппе бар кітаптың басы болғандықтан, әліппені кітаптар патшасы немесе «хан әліппе» деп атар едім.
2 – жүргізуші: Жанерке.
– Жарайсың, Нұрдана! Табылған ақыл. Ендеше Хан әліппені ортамызға шақырайық.
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Қарсы алайық бүгінгі күннің басты қонағын.(Хан әліппе келеді)
Хан әліппе: Сәлеметсіздер ме, балалар!
2 – жүргізуші: Жанерке.
– Сәлеметсіз бе, хан әліппе!
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Хан әліппем! Бүгінгі сый – құрметтің бәрі сізге арналады.
Хан әліппе: Рахмет, балаларым. Мені оқып, үйреніп, жазуға, оқуға, өнерге бейімделген шығарсыңдар. Қане, көрсетіңдер, көрейін не үйренгендеріңді.
Хор: Әліппе.
Хан әліппе: Рахмет балаларым! Өркендерің өссін! Өнерлерің өрге жүзсін!
1 – жүргізуші: Нұрдана
Ән: Домбыра сазы. Орындайтындар: Әсел, Ақнұр, Үміт
2 – жүргізуші: Жанерке.
– Хан әліппе, сіздің достарыңыз бар ма?
Хан әліппе: Әрине бар. Менің бірінші досым «Ақыл әліппесі». Менің әріптерімнің қандай екенін тыңдаңыздар.
1 – оқушы – Ақнұр: А Ата – ананың тілегі –
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі –
Адал болып өскенің.
2 – оқушы – Әсел: Ә Әдептілік дегенің –
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің –
Әуре – сарсаң әлегің.
3 – оқушы – Мейрамбек: О. Оқуда болсаң,
Ойыңа, ойынды әсте жуытпа
Ойында болсаң,
Ойыңа, оқуды түсір, ұмытпа.
4 – оқушы – Саят: С Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
5 – оқушы – Арыстан: Т «Тәртіпті»бала – сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді
Тәртіпсіз бала – күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
6 – оқушы – Үміт: Ұ Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай – шу
Ұстамды бала жанынан
Ұнамды қылық байқайсың.
7 – оқушы – Ш: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Рахмет, әліппе. Әріптеріңіз керемет ақыл айтты.
2 – жүргізуші: Жанерке.
– Бұл ақылды біздер, естен шығармауымыз керек.
Хан әліппе:
– Жарайсыңдар, менің әріптерім!
– Ал, енді, менің Тапқышбек деген уәзірім бар еді. Өзі сондай тапқыр, әрі ақылды.
– Шақырыңдар, менің уәзірімді
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Әміріңізге құлдық, хан ием!(Билеп, Тапқышбек келеді
Тапқышбек:
– Салем, балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
– Бүгін сіздер үшін үлкен мереке және ең алғашқы сын болмақ. Ал мен қазір сіздерді сынап көрейін. адасқан буындардан сөз құрап беріңдерші.
Ойын: «Адасқан буындар»
2 – жүргізуші: Жанерке.
– Келесі шырқалатын ән – Жарқын жүзді ұстазым!
1 – жүргізуші: Нұрдана
– Тапқышбек, бізді, сынайтын тағы қандай тапсырмаң бар?
Тапқышбек: Ендеше, сөз жарысында кім көп біледі екен? Әліппеден үйренген тақпақ өлеңдерімізді айталықшы.
2 – жүргізуші: Жанерке
Отан – сенің, ата – анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын
Отан – осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
1 – жүргізуші: Нұрдана
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей,
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзендей.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Қош бол әліппем Әліппемен қоштасу сценарийі
© Дереккөзі