Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы:
1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты мерекелік кешкі кездесу бағдарламасына кешіне қош келдіңіздер! Бағдарлама жүргізушісі мен Төлегенова Іңкәр және менің әріптесім Асылханов Қанат.

2 Жүргізуші: Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым-парасатымен, талғам-танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

1 Жүргізуші: Ұстаз – барша мамандықтың көш бастаушысы.
Құйылады жыр – ағын, көптен дара пырағым.
Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, – деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға арналады.

2 Жүргізуші: Ия, бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.

1 Жүргізуші: Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2 Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

1 Жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

2 Жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне
қабыл алыңыздар.

1. Жүргізуші: Әл – Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.

2 Жүргізуші
Жәнібек ағай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсең дер тек.
– Ортаға мектебіміздің І – санатты ұлағатты ұстазы Жәнібек ағайды шақырамыз.

1 Жүргізуші:
– Жәнібек ағай бағдарламамызға қош келдіңіз.
(Жәнібек ағайға сұрақтар)
– Балалық шақтан есіңізде не бар?
– Туған жер сізге несімен ыстық?
– Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
– Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
– Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
– Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
– Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
– Қазіргі жастар қандай?
– Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
– Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
– Сіздің мінезіңіз қандай болды?
– Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
– Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
– Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?

Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Шолпан апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
– Ортаға мектебіміздің ардагер ұстазы Шолпан апайды шақырамыз.
– Шолпан апай бағдарламамызға қош келдіңіз.
– Балалық шақтан есіңізде не бар?
– Туған жер сізге несімен ыстық?
– Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
– Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
– Мектепте қалай оқыдыңыз?
– Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
– Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
– Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
– Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
– Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
– Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
– Сіздің мінезіңіз қандай болды?
– Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
– Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Шолпан апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

1 Жүргізуші
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің дарынды деп атағаны,
Үйреткен, тәлім берген Қарлығаш апай,
– Бағдарламамыздың келесі қонағы мектебіміздің ардагер ұстазы Қарлығаш апай.
– Қарлығаш апай қош келдіңіз.
– Балалық шақтан есіңізде не бар?
– Туған жер сізге несімен ыстық?
– Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
– Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
– Мектепте қалай оқыдыңыз?
– Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
– Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
– Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
– Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
– Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
– Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
– Сіздің мінезіңіз қандай болды?
– Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
– Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып! жүктеу


Үлкендер жолы ұлылық ұрпағы жүрер ұғынып ұстаз мамандығы мамандық таңдау

© Дереккөзі

Tags: мамандық таңдауҮлкендер жолыұлылықұрпағы жүрер ұғыныпұстаз мамандығы

Related Posts

Тәрбие сағаты

Қош келдің көктем!

Тәрбие сағаты

Менің отбасым

Тәрбие сағаты

Ар – ұждан – адамдық өлшемі

Тәрбие сағаты

Ақиқаттың ақыны /М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби – сазды кеш/

Тәрбие сағаты

«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі

Тәрбие сағаты

Ана тілім – ардағым

Тәрбие сағаты

Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі

Тәрбие сағаты

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!

Тәрбие сағаты

Адам өмірі – басты құндылық

Тәрбие сағаты

Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан!

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021