Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ұлы Жеңіс!

Ақтөбе қаласы,
К. Нокин ауылы,
Благодар орта мектебінің
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Нұрлыгүл Шауқымқызы

Ұлы Жеңіс!

Сабақтың мақсаты: ҰОС – ы, оның Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толу құрметін атап өту, оқушыларға Жеңіс шежіресі туралы мағлұматтар беру, ҰОС ардагерлері мен Отан үшін опат болған ерлердің есімдерін дәріптеу, балалардың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, буклеттер мен фотосуреттер, шарлар.

Сабақтың барысы:
– Армысыздар, бүгінгі салтанатты жиынымыздың қонақтары!
Өздеріңізге белгілі, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған ҰОС – ның аяқталғанына 70 жыл болды. Міне бүгін біз де Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын осы өзіміздің тобымызда атап өтуді жөн көрдік. Өйткені, біздің алдымызда тәлім алып отырған кіп-кішкентай бүлдіршіндер – ертеңгі өсіп шығар азаматтар, біздің жолымызды жалғастыратын, болашақтың іргетасын қалайтын, егеменді еліміздің ертеңгі иегерлері. Кешегі өткен тарихты, ата – бабаларының елі үшін, жері үшін қасық қаны қалғанынша Отанын жауға бермеген көзсіз ерліктерін бүгіннен бастап біліп, бүгіннен бастап санасына сіңіріп өсулері қажет. Сондықтан мектепалды даярлық тобының 0 «в» сыныбында өткелі отырған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты шарамызды ашық деп жариялаймын.

Танымдық сағатымызға қатынасып отырған бүлдіршіндерімізді екі топқа бөлдім. Олардың бірі – «Көк байрақ» тобы да, екіншісі – «Қызыл жұлдыз» тобы.
Екі топ мүшелеріне қоятын сұрақтарым, беретін тапсырмаларым бар. Әр жауапқа бір ұпайдан беріледі. Қай топтың оқушысы сұраққа жауап берсе, топтарының атына сәйкес суреттерді жинақтайды. Нәтижесінде кімнің суреті көп болса, сол топ жеңіске жетеді деп есептейміз. Ендеше танымдық сұрағымызды бастайық:
– Соғыс деген не?
– Соғыс деген – зұлымдық.
– Соғыс деген – жамандық.
– Соғыс деген – қан төгу.
– Соғыс деген – жылаған бала.
– Соғыс деген – қираған қала.
– Соғыс деген – бұзылған үйлер.
– Соғыс деген – жаумен алысу
– Соғыс деген – өлім
– Соғыс деген – аштық
– Соғыс деген – аңыраған ана.
– Жарайды, жақсы жауап беріп жатырсыңдар. Сендердің жауаптарыңа мен мынадай тарихи мәліметтерді қоса кетейін:
Соғыс – бұл бейбіт елдің басынан жауған бомбалар мен снарядтар, соғыс – бұл 900 күн мен түн қоршауда қалған Ленинград, соғыс – бұл 1725 өртенген қалалар мен поселкелер саны, 70 мыңнан астам бүлінген селолар мен деревнялар, 32 мың жарылған фабрикалар мен зауыттар, 65 мың км қираған темір жолдар, бұл бір тәулікте жеген 125 гр. қара нан, ең сорақысы – 20 млн – нан астам өлген адамдар.
– Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
– Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды.
– Соғысты кімдер ашты?
– Соғысты неміс фашистері ашты.
– Дұрыс айтасыңдар!

Толық нұсқасын жүктеу


Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты соғыс туралы 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы

© Дереккөзі

Tags: 1941 жылғы Ұлы Отан соғысыжеңіс күніне арналғансоғыс туралытәрбие сағаты

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021