Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу

1) Так, так, так
Бәрін бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?

2) Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 «В» сыныбынан.

3) Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 – сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

5) Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ән: Біз өмірдің гүліміз (қыздар)
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
– Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
– Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
– Талабы биік таудаймыз.
– Мың бұралған бишіміз.
– Біз шеберміз.
– Ақылдымыз.
– Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
– Көп оқимыз.
Барлығы: Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Ән: Әліппе
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


әліппемен қоштасу бастауыш сынып

© Дереккөзі

Tags: әліппеменбастауышқоштасусынып

Related Posts

Отбасым
Тәрбие сағаты

Отбасым – күншуағым

асқа бата
Тәрбие сағаты

Ас – адамның арқауы

Тәрбие сағаты

Ақпараттандыру технологиясының пайдасы және зияны

Тәрбие сағаты

Жаңа жыл жаңа бақыт

Тәрбие сағаты

1 наурыз Алғыс айту күні. Құттықтаймын!

Тәрбие сағаты

1 – наурыз – алғыс айту күні

Тәрбие сағаты

22 наурыз мерекесіне арналған. Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтаймыз!

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021