Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Өнер алды – қызыл тіл

Тақырыбы: «Өнер алды – қызыл тіл»
Мақсаты: оқушыларға еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу.
Тәрбиелілігі: оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабалардан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тіл мәдениетін сақтай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілік: «Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікке жатқанымда – ақ берген білім»
С. Торайғыров
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті…
Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
А. Жұбанов
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
Ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

Сайыстың жүрісі:
І бөлім: «Тіл деп соққан жүрегі»
ІІ бөлім: «Дана ойдан шыққан сөз»
ІІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
ІV бөлім: «Өнер алды – қызыл тіл»
V бөлім: «Зерделі болса, ұл – қызым»
VІ бөлім: «Танымдық ойындар»

Мұғалім:- Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел – жұрттың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдің бірі.
Сондықтан да бүгінгі сайысымызға «Ұлағат» және «Зерек» тобы келіп отыр. Олай болса,
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, – дей келе сайысымыздың

І бөлімі: «Тіл деп соққан жүрегі» деп аталады.
1) Әр топтың ұрандары.
2) Тіл туралы көркем сөз оқу.

Мұғалім:- Сөз «Ұлағат» тобына беріледі.
«Ұлағат» тобы: – Салт – дәстүрімізді, тілімізді қастерлеп, сақтаймыз.
«Ардақтым» өлеңі жатқа мәнерлеп оқиды.
«Зерек» тобы: – Ата – бабамыздың өнерін, тілін, салт – дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз.
«Ана тілім» өлеңін жатқа айтады.

Мұғалім:- Баяғы өткен заманда бір патша тілдер патшалығына саяхатқа шығыпты. Ол келе жатқанда алдына тілдей қағаз түседі. Ашып оқыса: «Дүниеде не тәтті,
Не ащы?»- деген жазу болып, патша түсінбейді. Ол данышпан қартқа хат жазған екен. Данышпан былай деп жазыпты:
– О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады.
Сондықтан да тіл тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, тілдің жарасы жазылмас, сондықтан да тіл ащы.
Енді патша сендерден мына мақал – мәтелдерді аяқтауға көмектесулеріңді сұрайды.

«Ұлағат» тобына:
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,… (кішіден сұра)
2. Жіптің ұзыны, сөздің… жақсы. (қысқасы)
3. Піл күшті,
Піл күшті емес,… күшті. (тіл)

«Зерек» тобына:
1. Отыз тістен шыққан…,
Отыз рулы елге тарайды. (сөз)
2. Жүйелі… – жүйесін табар,
Жүйесіз… – иесін табар. (сөз)
3. Адам көңілінен азады,
… жазады. (тілінен)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Сайыс сабақ өнер алды қызыл тіл ана тілің арың бұл тіл туарлы сайыс жоспары топтық сайыс сценарийі

© Дереккөзі

Tags: Ана тілің - арың бұлСайыс сабақ өнер алды қызыл тілтіл туарлы сайыс жоспарытоптық сайыс сценарийі

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021