Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Өссе тілім, мен де бірге өсемін!

Тақырыбы: Өссе тілім, мен де бірге өсемін!
Мақсаты:
1. Оқушыларды тілдің қадір – қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендігін көрсететін нақыл сөздер арқылы ой – өрісін дамыту.
3. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тәрбие сағатының тақырыбы, нақыл сөздер жазылған плакаттар, өлең шумақтары (шар) мерекеге сай безендірілген.

Барысы:
1 – жүргізуші: Бүгінгі «Өссе тілім, мен де бірге өсемін» атты тәрбие сағатына жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 22 жыл толған қазақ елінің биылғы «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
2 – жүргізуші: Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тағдыры үшін бабаларымыз қам – қарекетсіз болған емес.
1 – жүргізуші: Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезовтер сексенінші жылдар аяғында бостандықтың лебі ескен бүкіл – халықтық қозғалыс – соның айқын дәлелі.
2 – жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Тіл туралы» заңда «Тіл – халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген.

1 – оқушы: Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

2 – оқушы: Тілім келді, дінім қайта оралды
Басқа төнген қара бұлттар жоғалды
Көк аспанда күндей болып жарқырап
Қазақ елі егемендік бола алды

3 – оқушы: Бүгін міне, жерде емес көктемін
Өсе бергін, өсе бергін көктегін
Әрқашанда биік болсын мәртебең
Тілім менің көгере бер көктемім

4 – оқушы: Тілім менің – тірегім, дінім менің
Тілсіз қандай болады күнім менің
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілінде оқылса жырым менің

5 – оқушы: Тілім менің – қуатым, күнім менің
Күнім кетсе не болар ісім менің
«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім
Тілімменен тірлікті мүсіндедім

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Тәрбие сағаты тіл туралы өссе тілім мен де бірге өсемін

© Дереккөзі

Tags: мен де бірге өсемінөссе тілімтәрбие сағатытіл туралы

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021