Connect with us

Бәрі туралы

Тәрбие сағаты

1 қыркүйек – білім күні | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні
Сыныптар: даярлық тобы, 1 – 9 сыныптар.
1 – жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата – аналар! Ұлағатты ұстаздар!
1 – жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,
2 – жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.
Шыбықтай өсіп шынар бол – бүгін 1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай – ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 жүргізуші: 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған 1 – сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл күн – бүлдіршіннің балалықтың бал – шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.
2 жүргізуші: Болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы нәрімен сусындағалы отырғалы 1 – сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.
Сынып жетекшісі: Садыхова Менсұлу Декабровна
1 жүргізуші:
Көңіл толы нұр ағыс
Мен де шаттық жайдамын.
Құтты болсын қуаныш,
Құтты болсын мейрамың!
(Музыка ойнап тұрады, ортаға 1 – сынып оқушылары кіреді.)
2 жүргізуші:
Қуаныш бүгін, мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Бүлдіршінге бір сәлем! Бүлдіршіндердің құрметіне ————————————- орындауындағы……….. әнің қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Қымбатты 1 – сынып оқушылары!
Білім ордасы – мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын! Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
2 – жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы, Құтты болсын, болашақ баспалдағы
1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата – аналар мен қонақтар! Дәстүрлі 1 – қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2 – жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа.
Жарасады жігер берер әнұран.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. )
Тудың қасына тұру құрметіне ие болғандар мектебіміздің оқу озаттары:
8 – сынып оқушысы Мәдиұлы Жоламан мен 4 – сынып оқушысы Лұқпан Ақниет
1 – жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз.
Биылғы 2017 – 2018жаңа оқу жылы атаулы күндермен тұспа – тұс келіп отыр.
– Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл;
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл;
– Астана Экспо – 2017 «Болашақ энергиясы»Халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылуда.
2 – жүргізуші: Ұстаздар мен шәкірттер! Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш – жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні – мерекең! мәнерлеп оқу Ерболат Назерке «Алғашқы қоңырау»
1 – жүргізуші: Ерекше күн, бүгін тілек – баталар
Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы
Құт қонақтың тілегінен нұрланар. Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. Аудан әкімі аппараты
2. Аудандық оқу бөлімінің
3. Ауылымыздың құрметті азаматы –
4. Ардагер ұстаз –
5. 1 – сынып ата – анасы
1 қыркүйек – білім күні жүктеу


1 қыркүйек білім күні білім күніне арналған сценарий күміс қоңырау

© Дереккөзі

To Top