Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

1001 мақал 101 жұмбақ

Мақсаты Ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу.
Тәрбиелігі: мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу

Жоспары:
1) Ойынды ашу
2) Қазылармен таныстыру
3) Мақалшылар сайысы
4) Көрермендер ойыны
Жұмбақшылар сайысы
6) Мақалшы мен жұмбақшы сайысы
Ән шашу
8) қорытынды

Мұғалім: Мақал – мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасқан ұрпақтан – ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл қазына, ақыл ой даналығы мен тапқырлығы.
Мақал келелі ой, кең мазмұнды жасаудың тамаша үлгісі. Халық тапқырлығымен айтқанда «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Кең болсаң, кем болмайсың» Мәтел – мақалдағыдай тікелей кесіп айту түрінде айтылады. Мұнда тиянақты ой айтылмайды, нақыл сөз тізбегін қорытындыны тұжырымды іздеп табу қажет.
Мысалы: «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар»
Әділ қазы мүшесімен таныстыру
———————————–
Жүргізуші: Жанұямыз – сәніміз,
Отбасымыз – әніміз
Біз бастайық сайысты
Қош келіпсіз бәріңіз!
Біздің 1 бөліміміз 2 бөлімнен тұрады. бірінші айналымда мақалшы өзі дайындап келген мақалдарын айтады. Мақалды аз айтқан оқушы ойынан шығады. екінші бөлімді бастаймыз. Мұнда жүргізуші мақалдың бір жолын айтады ойыншы 2 жолын жалғастырады.

Жүргізушінің мақалы:
1. Ананың көңілі балада
Баланың көңілі далада

ІІ. Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге

3 Ананың сүті бал
Баланың тілі бал
4 Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді

5. Кісі елінде сұлтан болғанша
Өз еліңде ұлтан бол
6. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
7. Ел іші – алтын бесік
8. Әділ тіл – ақыл таразысы
9. Құнды сөзді – құйма құлақ тыңдасын
10. Жақсы жігіт елін төрге сүйрер
Жаман жігіт елін көрге сүйрер

11. Жалқаулық – дерт жапсырар
Еңбек жанды асырар
12. Мақал атасы – сөз
мата атасы – бөз
13. Сөздің көркі – мақал
Жүздің көркі – сақал
14. алтау ала болса ауыздағы кетеді
төртеу түгел болса төбедегі келеді
15. Мал қорасын іздейді
Ер туысын іздейді

Көрермендерге
Жақсы байқап сөйлер
Жаман шайқап сөйлер.
Бас кеспек болса да
Тіл кеспек жоқ

Тіл тас жарады – тас жармаса бас жарады
Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ
Адам аласы ішінде – Мал аласы сыртында
Кісідегінің кілті аспанда

Жұмбақшылар сайысын бастаймыз: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады. бірінші жүргізуші жұмбақ айтады ойыншы жұмбақтың шешуін табады. 2айналым да өздері дайындап келген жұмбақтарын жасырады. жеңімпаз 3 айналымға өтеді

1 Жеңімпаз ойыншыға: Жаурағанда күлдірер
Өз еркіне жіберсең
Дүниені бүлдірер (От)
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар
Тоны шешілсе
Адамзаты жылатар (жуа)
асқар тау, қалың орман
оны кейде шөптей орған (шаш)
Ұзын мұрты сарылар, Қойынында наны бар (бидай)
Сақалы жоқ, шашы бар, бет ауызы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы )
Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп)

Көрермендер ойыны:
Маған да, саған да
Жақын туыс – бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың
Айтады кәне кім атын (ата, ана, апа, аға, іні)
Баласымын даланың,
Туғаннан дақсыз қарамын.
Мезгіл келсе жұртты жылытып
Адамзатты әнге салдырамын (көмір)
Сөзі дана, үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ, қолыңа алсаң шешен
Ақылы асқан көсем (кітап)


1001 мақал 101 жұмбақ мақал мәтел сайысы жұмбақтар сайыс сабақ жоспары

© Дереккөзі

Tags: 1001 мақал 101 жұмбақжұмбақтармақал мәтел сайысысайыс сабақ жоспары

Related Posts

Тәрбие сағаты

«Біз – табиғат қорғаны» (топ-серуен сабақ)

Тәрбие сағаты

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Заң және заман» (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты

Рәміздерім – мақтанышым (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

«Сағындырған әндер-ай» Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

Тәрбие сағаты

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Тәрбие сағаты

Жерді аялайық (тәрбие сағаты)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021